Дарынды оқушыны анықтау мектеп жұмысында бастау ыш сыныптан бастау алады


Шымкент қаласы № 130 жалпы орта мектебі
Педагог-ұйымдастырушы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сугирбаева Кулжан Нурпашевна

Елбасымыз өз жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады», -деп атап көрсетілгендей, өз ұрпағының жауапты да, жігерлі болып, өрісі биік жеткіншекті тәрбиелеуде мұғалімнің жаңаша ойлау түрін педагогикалық ғылыми тұрғыда ұйымдастырғанда ғана қол жетеді. Дарынды да, қабілетті оқушыларды ғылымға баулу, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Дарынды балалар – еліміздің болашағы. Сондықтан да дарынды балаларды тәрбиесіне ерекше мән беріп, олардың дарындылығын дамытуға, қабілетін шыңдауға әрдайым қолдау көрсетуге тиіспіз.

Дарынды балаларды анықтау және олармен жұмыс жүргізу бастауыш сыныптардан бастау алатынын айта кету керек. Бастауыш сыныптарда баланың қабілеті, зейіні қандай, бала неге қызығады, немен айналысады, жақсы көретін заттары қандай т.б. оқушы туралы мәліметтер алуы тиіс. Бұл жұмыстың жүйелі жүргізілуі психологтар мен мұғалімдердің және ата-аналардың біріккен жұмысы негізінде іске асады. Білім алушының дарындылығын анықтауда ең алдымен оқушының отбасы жағдайы зерттелінуі тиіс. Ата-анасымен танысып, отбасы деңгейі анықталған жағдайда баланың табиғатына жақын шығармашылық қабілеті анықталады.Ата-ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға екенін білеміз.

Дарынды балалардың есте сақтау қабілеті, зейіні күшті болады. Жүйелі берілетін теориялық жақтары едәуір тереңдетілген және түрде берілуі тиіс. Оқу үрдісінде білім берумен қатар ерекшеліктеріне қарай шығармашылық баулу мен ғылыми ізденіске бағыттау керек.

Мен өз іс–тәжірибемде инновациялық технологияларды, ақпараттық технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға ұмтыламын. Әр сабақта деңгейлік тапсырмалар, логикалық тапсырмалар орындату арқылы өздігінен ойлау қабілетін дамытып отырамын. Дарынды оқушымен жұмыс жасау барысында оқыту сипатын мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау қажет. Дарынды оқушының алдына нақты бір мақсат қою арқылы оның берілген тапсырмаға деген қызығушылығын оятуға болады. Пәндік олимпиадаларға, пікір сайыс ойындарға, сырттай өтетін интеллектуалдық сайыстарға баланы дайындау дарындылықты дамыта түседі. Бұл жұмыстар мұғалімді инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен дамытуымен қатар білім беру үрдісіне жаңа тұрпат ендіруіне көмегін тигізеді. Осы тұрғыда жаңашыл идеяны ұстанған мұғалім оқушының жеке тұлғалық қасиетін барынша құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін дамыта да алады. Дарынды оқушылармен жұмыс жасай отырып, танымдық біліктілікті арттыру мен қатар өзіндік ізденімпаздыққа баулиды және баланың өзіндік көзқарасын қалыптастырады.

Қабілетті, дарынды оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттырып, ата-ана, мектеп, оқушы, ұстаз байланысын жоғары ұстап, шығармашылықпен жұмыс істеп оқушылардың білімге ынтасын арттыру керек.

Табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі дамытып, ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра білейік!

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.