Қазақстандағы көрікті жерлер


Пәні: Қазақ тілі

Күні:

Сыныбы: 6

Мұғалімнің аты-жөні: Балгимбекова Акнур Габдуллаевна

Бөлім тақырыбы Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография
Сабақ тақырыбы Қазақстандағы демалыс орындары

(«Көлсай», «Баянауыл», «Алатау», «Алакөл»)

Оқу мақсаты 6.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу

6.3.5.1 оқылым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу

6.4.1.1 тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу

Сабақ мақсаты / Цели урока Оқушылардың барлығы орындай алады:

1. Қазақстанның демалыс орындары туралы мәтіндеріндегі ақпараттарға комментарий жазады;

2. Қазақстанның демалыс орындары туралы мәтіндер бойынша жинақы мәтін жазады;

3. Қазақстанның демалыс орындары тақырыбы бойынша мәтінде сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Жинақы мәтінді құрылымдап жазады;

Оқушылардың кейбірі орындай алады:

Көтерілген мәселе бойынша аргументтер келтіріп жазады.

Бағалау критерийлері
  1. Комментарийда өз көзқарасын дәлелдейді;
  2. Жинақы мәтін жазады;
  3. Жазылған мәтін грамматикалық сауатты;
  4. Мәтіннің құрылымы дұрыс;
Тілдік мақсаттар Дағдыларды дамыту:

оқылым, жазылым, әдеби тіл нормалары

Үштілділік:

Орфография, лексикография

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Ұлттық табиғи паркі, саяжай, флора, фауна, орман, үстірт, көрнекті орындар, демалушылар, сарқырама, үңгір, көл, шатқал, пансионат, шөлейт, туризм.

Талқылау сұрақтары

Қазақстандағы демалыс орындарындағы туризмнің даму деңгейі қандай?

Құндылықтарды қалыптастыру Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік
Ресурстар Теориялық материалдар, сөздіктер, энциклопедиялар, анықтамалықтар
Оқыту
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Саралау тәсілдері Қалыптастырушы бағалау тәсілдері
Сабақ басы

5 минут

Мақсаты: Психологиялық ахуал тудыру үшін«Мен — саяхатшымын» әдісі арқылы оқушылар мұғалім айтқан сөйлемдерді («Қайда демаламын?», «Алақай, мен саяхаттап …барамын», «Заттарымды жинаймын», «Сөмкемді арқалап мен кеттім ел аралап»)жылдам қимылмен көрсету арқылы назарларын сабаққа аударады.

  1. Оқушылардың ойлау үдерісін қосып, сабаққа деген қызығушылығын оятып, топқа бөлу үшін Қазақстанның көрікті жерлері бейнеленген бірнеше суреттер/пазлдар ұсынылады.
  1. Оқушылар осы сабақтағы өз міндеттерін анықтау үшін сабақ мақсатымен танысып, бағалау критерийлерін болжайды. (Қосымша 1)
Деңгейі жоғары оқушылар суретке ат қояды, деңгейі төмен оқушылар оны топ мүшелеріне жеткізеді. Оқушылар өз тапсырмаларының дұрыстығын жауап кілттері ретінде берілген тұтас суреттен анықтайды.
Сабақ ортасы

6 минут

2 минут

8 минут

7 минут

10 минут

  1. Оқылым алды тапсырмасы

Мақсаты: Оқылым мәтініне назарларын шоғырландыру

«Сөздік гол» әдісі бойынша берілген сөздерді өздерінің түсініктерін, сөздіктердегі баламаларын және сол сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазады.

Оқушы түсінігінде Сөздікте Сөйлем
Турист
Флора
Фауна
Континент
Климат

Ой шақыру сұрақтары:

  • Суретте көрсетілген жерлерде қандай жануарлар, өсімдіктер бар?
  • Климаты қандай деп ойлайсыңдар?
  • Қандай демалыс орындары бар?
  1. Оқылым кезіндегі тапсырма

Мақсаты: Оқылым мәтініндегі ақпараттарға комментарий жазу

Мәтіндер 120-150 сөзден тұрады (Қосымша 2)

  1. Оқылым кезінде «Азат жолдағы ой» әдісі арқылы оқушылар мәтінді бірігіп оқу барысында әрбір абзацта айтылған ойды топ ішінде талқылайды.
  2. «Графикалық органайзер» әдісі бойынша әрбір топ берілген мәтіндерді оқи отыра, төмендегі кестені толтырады.
Демалыс орындары Жануарлары
Өсімдіктері Климаты
  1. Оқылымнан кейінгі тапсырма

Мақсаты: Тақырып бойынша ой шоғырландыру

1.«Ашық микрофон» әдісі арқылы әр топтан бір оқушы ортаға шығып, «Ең үздік демалыс орны» тақырыбында (өз тобының тақырыбына байланысты) жарнама жасайды.

Мақсаты: Мәтін тақырыбына сайорфографиялық нормаларды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу

2.«Қазақстандағы демалыс орындарының экологиялық жағдайы» деген тақырыпта «Еркін пікір» әдісі арқылы жинақы мәтін жазу ұсынылады.

6. ББ стандартынан (оқу мақсатынан) жоғары тапсырма:

«Қазақстандағы демалыс орындарының экологиялық жағдайы» тақырыбында құрылымды мәтін жазады.

7. ББ стандартынан (оқу мақсатынан) жоғары тапсырма:

«Қазақстандағы демалыс орындарының экологиялық жағдайы» тақырыбында аргументтер келтіріп отырып мәтін жазады.

Деңгейі төмен оқушылар берілген сөздердің мағынасын қарапайым түрде баламалап түсіндіреді;

Деңгейі орташа оқушылар тапсырманы орындау кезінде сөздіктерге жүгінеді;

Деңгейі жоғары оқушылар берілген сөздерді қатыстыра отырып, сөйлем құрастырады.

Деңгейі төмен оқушылар мәтінді оқиды; «Графикалық органайзердің» екі бөлігін ғана орындайды;

Деңгейі орташа оқушылар өз ойларын айтады; «Графикалық органайзердің» үш бөлігін ғана орындайды;

Деңгейі жоғары оқушылар мәтін мазмұнын өмірмен байланыстыра дәлелдейді; «Графикалық органайзердің» барлық бөлігін толық орындайды;

1.Деңгейі төмен оқушылар жарнама жасауға мәтін төңірегінде ой қосады;

Деңгейі орташа оқушылар жарнаманы тезис ретінде жазады;

Деңгейі жоғары оқушылар ашық микрофон алаңына шығып, жарнаманы, нақты, тез, қызықты етіп жеткізеді;

2.Деңгейі төмен оқушылар тақырып бойынша жинақы мәтін жазады;

Деңгейі ораша оқушылар тақырып бойынша мәтінді құрылымдап жазады;

Деңгейі жоғары оқушылар мәтінді аргументтер келтіре отырып, дәлелдеп жазады.

Жауаптарды топта талқылап,

топтар арасында кері байланыс салыстыру арқылы жүргізіледі.

«Көңіл-күй» арқылы бағаланады

Оқушылар өз тапсырмаларының дұрыстығын топ ішінде тексеріп, топ мүшесі көпшілікке оқиды, басқа топтар толықтырулар жасайды.

«Шапалақ» әдісі арқылы бағаланады

1.Ең үздік жарнама «Кері байланыс бутерброды» тәсілі арқылы бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіреді.

2. топ ішінде мәтіндері оқылып, үздік танылғаны көпшілікке оқылады. Мұғалім барлық оқушылардың жазбаларын жинап, кері байланыс береді.

«Бас бармақ» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды

Сабақ соңы

2 минут

Рефлексия
Мұғалімнің өткізген сабақ бойынша рефлексиясы
Жалпы бағасы

Мұғалімнің бақылауынша, сабақта оқыту үдерісі қалай іске асты? Жоспарлаған тапсырмалардың барлығын орындауға оқушылар үлгерді ме? Сабақ барысында жоспардан тыс қандай қосымша іс әрекет қосылды, қайсы алынып тасталды?

Оқушылардың рефлексиясы бойынша, сабақ үдерісі қалай өтті? Оқушылар өз рефлексиясында қандай жауаптар ұсынған? Сіз келесі сабағыңызда өз бақылауыңыз бойынша, оқушылардың рефлексиясы бойынша нені өзгертесіз?

Қосымша 1

Рубрика:

Дескрипторлар

Критерийлері

Төмен Орта Жоғары
Комментарийда өз көзқарасын дәлелдейді; Мәтіндегі негізгі ойды өмірмен байланыстыра отырып айтады Мақалдар арқылы көзқарасын білдіреді Дәйексөздер келтіру арқылы дәлелдейді
Жинақы мәтін жазады; Оқылым материалының негізгі ойын білдіретін сөздер келтіреді Оқылым материалының мазмұнын ашады Сөйлем арасындағы байланысты дұрыс сақтайды
Мәтін грамматикалық сауатты Дефис арқылы жазылатын сөздерді дұрыс жазады Сызықшаның дефистен айырмашылығын біледі Бірге жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады
Мәтіннің құрылымы Кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдері бар Ойын жүйелі жеткізеді Аргументтер келтіре отырып, дәлелдеп жазады

,

Қосымша 1

Баянауыл

Баянауыл – курортты, көрікті аймақ. Климаты тым континенттік: жазы — ыстық, қысы суық. Ол 1985 жылы Ұлттық табиғи саябақ статусына ие болды. Саябақ табиғаты өте ерекше жаралған табиғатымен әйгілі. Таулы-орманды оазис 450 шаршы шақырымды алып жатыр, оның негізгі ерекшелігі – жартастар («Кемпіртас», «Көгершін», «Найзатас», «Атбасы», тас жастықтар), Сабындыкөл және Жасыбай көлдері, Әулиетас үңгірі және Драверта үңгірі, Құмыра сарқырамасы, тас шатқалдары сынды көрікті жерлердің болуы.

Өсімдіктердің 400-ден астам түрі (қарағай, қайың, қандыағаш, таңқурай, мойыл, долана, жабысқақ қандыағаш, көктем жанаргүлі) өседі. Омыртқалы жануарлардың 100-ден аса түрі, сүтқоректілердің 40-тан аса түрлері (арқар, елік, қасқыр, түлкі, сілеусін, борсық, тиін), құстардың 50-ден астам түрлері (аққу, қаз, үйрек, құр, шіл, бүркіт, сұңқылдақ аққу), балықтың 70-тен аса түрі (шортан, сазан, оңғақ, алабұға, т.б.) мекендейді.

Жасыбай, Сабындыкөл және Торайғыр көлдері жыл сайын мыңдаған туристерді қарсы алады, бұл үшін көл жағалауларында демалыс үйлері мен пансионаттар көптеп орналасқан.

Алакөл

Алакөл– Қазақстандағы Алматы және Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан тұйық көл. Мұндағы Арқаның қуаң даласындағы құрғақ ауа теңіз бетіндегі дымқыл ауамен араласып жағасындағы адамға жағымды әсер береді. Алакөл ауданының климаты тым континенттік, қысы суық.

Көл суы да минералды ресурстарға, йодқа, тұзға, фтор мен бромға, химиялық элементтерге бай болғандықтан, судың денсаулыққа пайдасы медицинада дәлелденген. Көл жағасында қамыс, қияқ, қоға, шалаң, су қарақұмығы, жебежапыақ, мүйізжапырақ, тағы басқа өседі. Даласында шырша, қарағай, жусан, ебелек, баялыш, күйреуік, изен, қияқ, т.б. өсімдіктер өседі.

Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоңыр аю, қабан, борсық, таутеке, арқар, марал; құстардан үйрек, қаз, аққу, реликті шағала, жылқышы, көкқұтан, қырғауыл мекендейді; суларында сазан, алабұға, маринка, ақ амур, көксерке, шармай кездеседі.

Көл маңы құсқа (жылқышы, аққу, реликті шағала, көкқұтан,т.б.) бай. Аңдардан: ондатра, қамыс мысығы, жабайы шошқа, қамыс түлкісі, су тышқандары мекендейді.

Көлсай

Көлсай – әлемдегі суы ең таза, ең тұнық көлдердің бірі. Көлсай көлдерінің табиғаты әсем тау шатқалында жатыр. Құздары, көлдері мен өзендері түрлі-түсті бояуларға боялған, бұталы өсімдіктер осы аумақтың тартымды және көріктілігін көрсетеді. Ауа-райы жағдайы демалу және сауықтыру үшін ыңғайлы, оған сәйкес қысы жұмсақ, ауасы таза, қысқы демалыс түрлері үшін қолайлы.

Көлді тау шатқалдары, шыршалы орман алқаптары қоршап тұр. Ұлттық парктың аумағында Тянь-Шань жанаргүлі, еңлікгүл, Семенов айдаршөбі, ақбасқурай, лейоспора, Бекетов неуро-ломасы, Семенов кортузасы, Алматы ақжапырағы, Шренк шыршасы, секілді Қызыл кітапқа енгізілген сирек кездесетін өсімдіктер және дәрілік өсімдіктерден шайқурай, қара андыз, қара бөрі қарақат, Түркістан шүйгіні, өгейшөп өседі.

«Көлсай көлдері» ұлттық паркі жануарлар дүниесіне бай, мұнда Тянь-Шань қоңыр аюы, орта-азиялық өзен камшаты, Түркістан сілеусіні, ілбіс, Тянь-Шань арқары, тас сусары, өрнекті қарашұбар жылан, кәдімгі қалқантұмсық жылансүйіртұмсық бақа, құстардан қара дегелек, сақалтай, бидайық, орақтұмсық, қызылқұнақ, балықтан бахтах, фарель және тибеттік жалаң көкбас кездеседі.

Бұл – баға жетпес, орасан зор байлық.Саябақтың туризмді дамытудағы маңызы зор.

Алатау

Биігін қар көмкеріп алақанаттанып жататын Алатау – табиғаты әсем Қазақ жеріндегі ең ірі тау жоталарына жатады. Жер жәннаты Жетісуға көрік беріп тұрған Алатаудың қойнауы құтты – ауасы таза, шипалы судың көзі, мұнда өсімдіктіктің түр-түрі өседі, жануардың да түрі көп. Шыңды-құзды тау биігін қарлы шыңдар басып жатыр, қалың мұздақтар көп, тау етегінде – орман, аңғарында – шалғын.

Тау жынысы пайдалы қазбаларға аса бай. Баурайы тіршілік үшін өте қолайлы: Алматы, Қарасай, Талғар, Талдықорған, Қапал, Жаркент сияқты көптеген қалалар да осы таудың баурайында.

Оның климатына Арктиканың суық ауасы мен Тұранның ыстық ауасы әсер етеді. Тау етегінде неғұрлым кұрғақ, континентті климат болып келеді. Биік тау беткейлерінде климат қоңыржай.

Егістікте көкөніс, баубақша, жеміс ағаштары, екпе шөп және дәнді дақылдар өсіріледі. Одан жоғары дала зонасы жатады. Онда шырша, самырсын ағаштары өседі. Жануарлардан бұғы, аю, елік, т. б. кездеседі. Онда субальпілік шалғындар, омбы қарлар, мұздықтар кездеседі. Биік тау сілемдерін малшылар жайылым есебінде пайдаланады.

Жануарлар дүниесінде алтайлық және тянь-шаньдық түрлер көп.

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.