Судың түрлі күйі Sy’ dyn’ tu’rli ku’i’i


Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қошанкөл ауылы Гали Бегалиев атындағы ОЖББМ

І санатты бастауыш сынып мұғалімі

Темирболатова Кунсулу Батаевна

Пән: Жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім «Заттар және олардың қасиеті»

Күні:21.12.2017

Сынып: 2

Мектеп: Гали Бегалиев атындағы орта жалпы білім мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Темирболатова Кунсулу Батаевна

Қатысқандар саны:21

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы Судың түрлі күйі

Sy’ dyn’ tu’rli ku’i’i

Оқу мақсаттары 2.3.3.2 — судың агрегаттық күйінің өзгеру үдерісін зерттеу;

2.1.2.2 — бақылаудың басты белгілерін анықтау (мақсат, нысан, жоспар, мерзім, нәтиже);

Сабақмақсаттары Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Тілдікмақсаттар

Тірек сөздер

«Добрый утро,good moorning», «Досвидание,Good bye!», «Sy’ dyn’ tu’rli ku’i’i».

Мұз,бу

Құндылықтарды дарыту Ұжымдық, топтық жұмыс кезінде білім беру, денсаулық сақтау және мәдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамыту. Әдемілікке, сұлулыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Пәнаралықбайланыстар Музыка,қазақ тілі,тарих
АКТ қолданудағдылары Интербелсенді тақтадан уақытында слайд көрсетіп отырамын.
Бастапқы білім Су қандай екен?
Сабақбарысы
Сабақтың

жоспарлағанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет Ресурстар
Сабақтың

басы

5 минут

3 минут

2 минут

Үш тілде сәлемдесу

«Қайырлы таң,добрый утро,good moorning»(гудмонин тиче)

«Менің орным қайда?»

Партаның астында жасырынған сөздер тұрады.Сол арқылы оқушылар үш топқа бөлінеді.

1-топ: Сұйық күйі

2-топ: Газ күйі

3-топ: Қатты күйі

— Алдыңғы сабақта өткендерімізді есімізге түсіріп,

«Ақиқат,жалған» деген ойын ойнаймыз.

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі

— Суды күнде көреміз ақиқат

-Жерасты суының жер бетіне шыққан жері көл жалған

-құдық- дөңгелек,сопақша,доғал жалған

-Бұлақ-жерденқазып алынады. жалған

— Судың иісі болмайды ақиқат

-Су арқылы түрлі иістер тарайды жалған

-Су мөлдір ақиқат

-Су аққыш ақиқат

ҚБ: «Бармақ» әдісі арқылы оқушыларды бағалаймын.

Стикерде сұйық күйі,газ күйі,

қатты күйі

Сабақтың ортасы 20 минут 1-тапсырма: «Өзен»(айтылым,дағдысы)

Өзен» тапсырмасы арқылы оқушылар қарай отырып,ондағы табиғат көріністерінің бірдей екнін, тек жыл мезгілдерінің ғана ауысқанын түсінеді.Күн суытып,өзен қатып қалады.Көктем келісімен,мұз еріп кетеді

2-тапсырма: «Су қайда кетеді?» (айтылым,дағдысы)

«Су қайда кетеді?» суреттегі төгілген суға назар аударта отырып,сұрақтар қоямын.

-Су қалай пайда болды? (жауын жауды немесе су көп төгілді).

-Ауа райы қандай болып тұр?(Күн шығып тұр,ашық).

-Су енді қандай болды?(Ол кішірейді)

-Неліктен кішірейді?(Ол буланды)

-Сонда не байқадыңдар,су қандай күйлерде болады екен?

-Қатты, сұйық,бу.

ҚБ:Бағдаршам арқылы өздеріне –өздері баға береді.

Қорытынды:

-Біздің бүгінгі сабағымыз судың түрлі күйі екен.

(Интер.тақтадан тақырыпты оқып, латынша жазылуын айтып өтемін).

Судың түрлі күйі

Sy’ dyn’ tu’rli ku’i’i

Есіңе сақта!

Су үш күйге өзгере алады: сұйық,қатты және бу (газ)тәрізді.

Судың сұйық күйі дегеніміз-оның ағу,құйылу,таму,пішінін шексіз өзгерту қасиеті.

Судың қатты күйінеқар, мұз,мұздақтар,мұздақтаулар жатады.

Температура нөл градусқа дейін төмендегенде су мұз болып қатады.Мұзды қыздырғанда ериді де суға айналады.Мұз толық еріп біткенше,оның температурасы нөл градус болып тұрады.Егер суды жүз градусқа дейін ысытсақ,ол қайнайды да буға айналады.Суығанда тағы сұйық күйге оралады. Бұл үдеріс конденсациядеп аталады.Су буы сырттағы суық ауаға кездескенде конденсацияланады,яғни қайтадан су тамшыларына айналады.Егер суық қасықты буда ұстап тұрсақ,одан су тамшылай бастайды.

Мұз өзін түзіп тұрған суға қарағанда көп орын алады.Бірақ мұзтаулар судың бетінде қалқып жүреді,біз оның тоғыздан бір бөлігін ғана көре аламыз.

Топтық жұмыс (жазылым дағдысы)

Қатты күйі тобына:«Мұз құрсауында» жемістер мен гүлдерді мұз құрсауынан құтқару жолдарын жазу.

Жауабы:Түрлі тәсілдермен жылыту арқылы ерітуге болады,жылытады,отқа жылытады,күн сәулесінің астына қояды.

Сұйық күйі тобына:«Мұз» дұрыс жауаптарын белгілеу.

Жауабы:*Мұз суға қарағанда көп орын алады.

*Мұзтаулардың үлкен бөлігі су астында болады.

*Мұз дегеніміз- судың қатты күйі.

Газ күйі тобына:«Су»сөзін түрлі бояулар арқылы суреттермен қосу.

Жауабы:*Қызыл бояумен:қар,мұзтау,қырау.

*Жасыл бояумен:жаңбыр тамшысы,шық тамшысы,гейзер.

*Көк бояумен: шәйнектен шыққан бу,тұман,гейзер.

ҚБ: Әр топ бірін-бірі смайликпен бағалайды.

Сабақтың соңы

10 минут

Рефлексия

Бағалау

Сен білесің бе?(оқылым дағдысы)

Ыстық бұлақтар-жер бетіне шығып жатқан жер асты сулары.Ол пайдалы минералды тұздарға бай.Ыстық бұлақ суының емдік қасиеті де мол.Біздің елімізде 100-ден астам ыстық бұлақ көздері белгілі.

Мысалы, «Алмаарасан», «Сарыағаш»

(осы жерде сарыағаш сусынын көрсетіп жіберемін)

Рефлексия

«Ашық микрафон» әдісімен қорытынды жасалады.

Бағалау критерийі: Білім алушы

-Бүгінгі сабақта нені үйрендің?

-Не әлі де түсініксіз?

-Қиналған сәттерің болды ма?

-Сабақ барысында қай кезең қызықты болды?

-Өз тобың сабаққа белсене қатыса алды ма?

-Сабақ саған ұнады ма?

Күнге тілек сөздер айтып жапсырады.

Оқушыларды конфет арқылы бағалаймын.

«Сау болыңыз,досвидание,Good bye!»

Үйге тапсырма: Оқулықтың 46-47 беттері және ауылымыздың «Сарыөзені» жайлы эссе жазып келу

«Ашық микрафон» әдісі

Күн суреті

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілет іжоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Амандасудан кейін әр оқушының партасының астына сөздер («Газ,қатты,сұйық»)жазып қойдым,сол сөздер арқылы топқа бөлінеді. Оқушылар үй тапсырмасын меңгергенін білу мақсатында «Миға шабуыл» әдісін қолданамын. Саралау тәсілдерінің ішінен:дәптердегі тапсырмалар орындату арқылы көрсетемін.

Орта деңгейде оқитын оқушыларға қолдау жасаймын.

Оқушылардың сабақ

барысында үйренгенін бағалау

үшін қолданған әдіс-

тәсілдер: «Ақиқат, жалған» ойынында мұғалімнің «Басбармақ» арқылы бағалауы, топтық жұмыста «Бағдаршам» арқылы, топтық жұмыста және жеке жұмыста «Смайлик» арқылы бірін- бірі бағалау, тәжірибелік жұмыстан кейін «Басбармақ» арқылы, сабақ соңында оқушыларға рефлексия жүргізуде «Ашық микрафон» әдісі арқылы бағалауды пайдаландым.

Сабақ соңында «күн шуағын» тілектер айту арқылы шығарды,оқушылар конфетпен бағаланды.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Ширату жаттығуы, Сергіту сәті «Қимылды би».

АКТ қолдануда уақытын ескеремін.

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.