Берекелі алтын күз


Атырау облысы Атырау қаласы

Тіл мүкістігі бар балаларға арналған

3 облыстық арнайы мектеп-интернаты

ІІ-санатты төменгі топ тәрбиешісі

Кусайнова Айгерим Уаповна

Тақырыбы: «Берекелі алтын күз»

Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Балалардың күз туралы түсініктерін кеңейту, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Көрнекіліктер: Топ фаесі күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жәрмеңесі, яғни жемістермен көкөністер салынған себеттер.

Барысы: Әдемі әуен ойналып тұрады, қонақтар орындарына жайғасып болған соң сыныпқа балалар кіріп орындарына тұрады.

Жүргізуші: Құрметті оқушылар,ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі біздің мектепалды даярлық топтары арасында өткізілгелі отырған «Берекелі алтын күз» атты шарамызға қош келдіңіздер!

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Ал, балалар, балалар,

Енді бері қараңдар.

Бізге қонақ келмекші

Сендерді бір көрмекші.

Әуелі жұмбақ жасырам,

Қулығымды асырам.

Таба алсаңдар шешімін,

Қонағымды дәл ортаға шақырам.

Жұмбақ:Жиып-теріп болатын,

Қамбаға астық толатын.

Жеміс жидек пісетін,

Қай мезгілдеп ойлайсың?

Балалар: Ол күз!

(Балалардың жауабы).

Жүргізуші: Жарайсыңдар, жұмбақтың жауабын дұрыс шештіңдер. Ендеше күз ханшасын ортаға шақырайық

Музыка жіберіледі.

Жүргізуші: Ендеше күз ханшайымын ортаға шақырайық.

Күз ханшайымы:

Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сәлеметсіздерме ме, қонақтар!
Мен — Алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін.
Қонаққа келдім сендерге. Сәбіз, картоп, тәтті алма!
Оған достым таң қалма! Жапырақ та сиқырлы,
Ойын ойнар түр-түрлі!

Балалар ендеше ойын ойнаймыз.Жапырақпенсиқырлы, ойынды тез ойнаңдар. (Ойын«Кімтезжапырақтардыжинайды?»).

Бірінші 3 топта 1 баладан шығады.Жерде жатқан жапырақтарды жинау керек.Кім көп жинайды.Сол жеңіске жетеді.
Жүргізуші:

Рахмет, саған Алтын күз! Отырыңыз жайғасып!
Ал, ендеше, балалар, бекер қарап тұрмаңдар.

Бүгінгі біздің мерекеміз шағын сайыс түрінде өтпек.

Сайысымыз 3 кезеңнен тұрады.

1.Топтарын таныстыру

2. «Көңілді күз»күз туралы тақпақтар айту

3. «Күзгі табиғат»сурет салып келу.

Сайыс әділ болу үшін ,әділ- қазылар алқасын сайлап алуымыз керек.

1.

2.

3.

Жүргізуші:

Шоғы толған гүлдей жайнап,

Шақырады жарқын жүз,

Сайраңдаған күліп-ойнап,

Келді міне Алтын күз! Бүгінгі ертеңгілігіміздің бірінші бөлімі топтар өздерін таныстырсын.Топтарды ортаға шақырайық.

0 а-« Бүлдіршін»тобы

0в-«Балдәурен»тобы

0б-«Лучик»тобы

Жүргізуші:Балалар бір сергіту жаттығуын жасап алайық

«Көңілді күз»күз туралы тақпақтар айту

Жүргізуші:

Әсем әуен салдырған

Сәбилер де алғыр жан

Бал дәуреннің қызығын

Есте қалар балдырған.

Кезегімізді топтардың «Көңілді күз» күз туралы тақпақтарына берейік.

Жүргізуші:Лучик тобының «Осень»өлеңін қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:

Енді бір сәт назар сап
Мақтау менен сыйға лайық
Сурет өнерін тамашалайық!

« Күзгі табиғат»суретін салып келуге тапсырма берген болатынбыз.

Бірінші 0 а,0б, 0всыныбына кезек береміз.

Жүргізуші:

Енді оқушылар біздер

Күз ханшайымымен бірге флешмоб билейік

Жүргізуші: Сөз кезегін директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Жаңылсын Табылдықызына береміз.

Жүргізуші:

Оқушылар енді бәріміз Күз ханшайымын шығарып салайық.

Күз ханшайымы: Керемет, балалар!Жақсы мереке болды. Көңіл – күйім де бір көтеріліп қалды.Менің де кететін уақытым болып қалыпты. Сендерге көп рахмет. Ризамын, сол себепті сендерге дайындаған азғантай сыйлығым бар, соны тапсырайын. Жемістерден жасалған шырынды ішіп, әрқашан дендерің сау болып өсіп, аман жүріңдер! Келесі кездескенше сау болыңдар!

Күз ханшайымы әсем әуенмен шығып кетеді.

Жүргізуші:

Берекелі бақ-дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болыңдар балалар,

Келгенше жыл айналып.

Жүргізуші: Осымен, «Берекелі алтын күз» атты шарамыз өз мәресіне жетті. Тамашалағандарыңызға рахмет!

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.