«Сыңғырла, соңғы қоңырау!»


Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп – интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Молдағалиева Гүлжиян Ғарифоллақызы

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, аяулы ұстаздар, қонақтар, оқушылар!

Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр жылы қайталанбас тарихқа толы, оқушылардың сыныптан-сыныпқа көшіп асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын мектептің мерекесі – соңғы қоңырау салтанаты! Жылдағы дәстүр бойынша білімнің ордасы, ұлылықтың мекенінде тойланатын «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатына қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Мектеп! Мектеп деген — мол қазынасы мөлдіреп жатқан, сол мөлдір әлемнен өзіне керек асыл мен жауһар секілді баға жетпес, «білім» деген байлықты алып, өміріңе нәр беретін алтын ұя!

Өйткені жарқын шақтардың елесі қалар, ерке балалығыңның куәсі болар бірден-бір киелі мекен – мектептегі соңғы қоңырау салтанаты басталғалы тұр. Он жыл бойы осы мектеп қабырғасында білім нәрімен сусындаған түлектерді ортаға шақырымыз.

9б –сынып сынып жетекшісі Асанова Маржан Кенжеғалиқызы, Сергунина Виоллетта Константиновна

9г –сынып сынып жетекшісі Жангирова Хиуа Едігеқызы, Оңалова Гүлхан Сағынқызы

10-сынып сынып жетекшісі Тлемберлиева Айгүл Махатқызы, Орынбасарова Назгүл Дүйсенбіқызы

Жүргізуші:

Батырлыққа уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалсын.

Жүргізуші: Өмірде өшпейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол – болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді азаматтық қамқорлығым деп түсінген мектеп директорыАбдрахманов Бауыржан Байғалиұлына сөз береміз.

Айару бишілер тобының орындауында «Қазақ биі»

Жүргізуші Абзал жандар, биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.

Қуанышты жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды бірінші сынып баршаңды, -деп құттықтау сөз кезегін 1 -сынып бүлдіршіндеріне береміз.

1-оқушы:

Он жыл бойы оқыған,

Ойға білім тоқыған.

Апалар мен ағалар!

Орындалсын ойыңыз

Құтты болсын тойыңыз!

2-оқушы:

Сабақ оқып әр апта,

Жазу жазып параққа.

Сіздердей білім аламыз,

Күнде келіп сабаққа.

3-оқушы:

Еңбекте көп қуаныш

Елде талай болар іс.

Кемелденген маман боп,

Келіңіздер аман боп.

4-оқушы:

Арман қуған, алаулаған жүректері,

Мақсаты да мұраты бір тілектері.

Жас қырандай қанат қағар қияға алыс,

Жолың болсын, мектептің жас түлектері!

1-сыныптағы сынып жетекшілері

Ән «Мектебім»

Жүргізуші: Қазір осында тілеулес болып келіп отырған ата-аналардың алдында қарызымыз да, парызымыз да шексіз. Оларға әр баланың орны да бөлек, жөні де бөлек екені рас.

Ата- ана тәрбиелеп балапанын,

Әлдилеп аялаған алақанын

Болашаққа бақ тілеп тұрасыңдар,

Ойлауменен әрқашан бала қамын.

Ортаға мектеп бітіруші түлектерінің ата-аналарының атынан Жұмекешова Гүлмира Айтқалиққызы, Бупина Жанаргул Сайынқызын шақырамыз.

Жүргізуші: Алтын орда асыл ұя мектебім,

Мәңгіліке жайнар жасыл көктемім.

Жетеледің қанат беріп арманға,

Жеңе біл деп асау өмір өткелін! Жүректері лүпіл қаққан, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан, осынау сәтте шәкірттіктің соңғы қадамында тұрған жас түлек, ендігі сөзді сендерге береміз.

1-оқушы

Ұшырса да өмірдің сан түлегін,

Ұстаз-ғалым толастамас мәңгі сын.

Тыншымайтын асыл жандар қадірлі,

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын!

2-оқушы

Айналайын, ұстазым,

Жақсылықты нұсқадың.

Мектепке бізді шақырдың,

Білімді, ойды асырдың.

Жақсылыққа үйретіп,

Жамандықтан қашырдың.

3-оқушы

Өнердің мен білмейтін қапталдарын,

Жаныма сіңіргенше тоқталмадым.

Алдымнана шықты міне қолын бұлғап,

Қанша жыл қиялдаған тәтті арманым.

4-оқушы

Ақ көңіл ұстаздарым, адал ниет,

Жандарың жадырасын, жасымасын.

Қайда да шәкірттерің жүрер сүйеп,

Қиындық басқа түссе қасымдасың.

5-оқушы

Хан бол, мейлі қара бол,

Дарын бол, мейлі дара бол.

Өтетін бәрі алдынан

Ұстаздар бейне сара жол.

Ұстаздар – ұлттың тірегі

Ұстаздар – мектеп жүрегі.

6-оқушы

Аяулы ұстаз, өлшемі жоқ бағаның

Айтыңдаршы, таласады оған кім?

Еленуде елге істеген еңбегің.

Айтады алғыс шәкірттерің саған мың.

Жүргізуші: Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар — мектеп оқушыларының қоғамдық пайдалы еңбекке тікелей қатысуы, азамат болып өсуі – еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты. Биыл біздің мектебімізде алғашқы рет 10 – сынып түлектері «Алғашқы кәсіби еңбекке баулу» бағытындағы бағдарлама бойынша білім алып, алтын ұя мектептерімен қоштасқалы тұр.

Өткенде бізден ағаттық,

Байсалдылықпен тағат қып,

Балалық болса кешірген,

Байыппен баурап өсірген,

Үлгілі әркез, ұстамды,

Сабырлы, ізгі ұстазды

Анадай көріп сыйлаймыз:

Айырылар кезде қимаймыз, -дегендей, келесі құттықтау сөз кезегін 10 – сынып түлегі Мұхамбетқалиев Нұрсұлтанға береміз.

Ән «Ұстазым» .

Би «Мектеп вальсі»

Жүргізуші :

Қоңыраудың сыйладық жаңа үнін,

Одан асқан сыйлайды ғажабын кім.

Мектебінен киелі білім алып

Ақ үмітін ақтаңдар қазағымның.

Бәрі сын араласаң өмір ауылың,

Бәрі шын, қоштасарда қоңырау мұң.

Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің

Дауысын сағынғанда қоңыраудың.

Бүгінгі салтанатты мерекеде соңғы қоңырау соғу рәсімі мектебіміздің

9-сыныптың түлегі Пустобаев.А, 1-сынып оқушысы Р. Ілесұлына тапсырылады.

Жүргізуші: Қоштасады ұшқан ұяң – мектебім,

Маңдайынан сүйіп өтер көктемің.

«Сәт сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз,

Тілейміз біз армандарға жеткенін!

Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, шәкірттер! Осымен 2015-2016 оқу жылын аяқтауға арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.

Қымбатты біздің түлектер, жолдарың болсын, сәт сапар, ақ жол тілейміз!

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.