Тақырыбы: «Ата-анаға құрмет – баршаға міндет»


Ақмола облысы, Целиноград ауданы Талапкер ауылы

«Әсем-Ай» экологиялық балабақшасы

Балабақша психологы Елембаева Акку Асқарқызы

Ақ шашты ана: «Жастығым -балам» дейді.

Ақылды бала: «Ай –күнім- анам» дейді .

Ата -ана отбасының діңгегі бастапқы дәнекері . Қазақ отбасында ата- ананың қадірін ерекше әспеттелген . Әсіресе , тіршілік қайнар көзі махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы –Ана есіміне қатысты дүниеде қасиетті ештеңе жок .Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жок, ана баланы тоғыз ай көтеріп толғатып дүниеге келтіріп қана қоймайды. Сонымен қатар баланың бойындағы ақыл-ой , адамгершілік , әдептілік ,ар –ұят ,ұлттық сана -сізімді сіңіруші адам– ол ата –ана.

Ана – Үш әріп , екі буын ,бір сөз . Көп сөздің бірі десекте болады . Бірақ ана сөзін киелі етіп ,басқа сөзден ерік етіп алатынымыз оның мән мағынасы, мәйегі . Расында ана деген сөзде тебіреніске толы сезім ,ана шапағаты ,махаббаты ,мейірімді көрініс береді . Ақының да , батырың да бәрі анадан туған . Сол анаға лайық құрметті көрсете білуіміз керек .

Осы тұста өз анам туралы айта кеткім келіп отыр . Менің анам Солтүстік Қазақстан обл Жамбыл ауданы Айтуар ауылының тумасы . Қарапайым қара шаңырақтың тұңғышы ,шеше кеңесін ,әке тәрбиесін көрген . Адал ауыз нанын табу үшін жұмыс жасап еңбек еткен . Бұның бәрі әрине біз үшін . Бес қыз ,екі ұл тәрбиелеп ұлын ұяға қызын қияға қондырған .Баласының басқадан кем болсай ,қатарынан қалмағаны әрбір ананың жемісі деп білемін.

«Қарға баласын аппағым , кірпі баласын жұмсағым »деген осыған дәлме-дәл келгендей . Өзі жемесе де аузындағысын баласына жырып беретін . Ана мейірімі ақшалай өлшенбейтіні .Тұлпарды құлынмен жарыстырған секілді ақылға қонбайды . Ананың балаға қарғысы да ,тілеуіде қабыл болады . Жұмақтың өзі анаңның аяғының астында . Бүгінгі күні адам денесін тітіркенетіндей баласын қоқысқа тастап ,не болмаса көк қағазға айырбастап жүрген көкек аналар да бар . Қанша жерден қанпезерлікке барып ,баласынан безінген ананың өзі баласының амандығын тілеуін тілейтіні айдан анық . Құдайға шүкір бізге ата-анамыз ондай жат қылық жасаған жоқ .Қарнымыз тоқ ,көйлегіміз көк ,қуанышымызды көп еткізіп өсірді .Осындай бақытты нәсіп еткен бірінші аллаға екінші ата-анама мың алғыс . Ата анамыздың алдында парызын өтеу, Ақ сүтін актау баланың парызы деп білем.Ана сүтін ақтау анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсеңде ,өтей алмайсың деген. Атақты орыс жазушысы М.Горькийдің: «Дүниедегі асыл атаулының бәрі күннің нұрынан ,ананың ақ сүтінен жаралған »,- деуі де шындықты айқындайды . Мұсылман жолында Әкені құрметтеу-айрықша парыз . « Әкеге бағыну –Аллаға бағыну .Оның алдында күнахар болу –Алланың алдында күнахар болу» дейді Пайғамбарымыз.

Ата-анаңның алдында адамның парыз –міндеті өлшеусіз . Қазақ ұрпағында ата-ананың алған ерекше биік орны ,қадір қасиеті ше !Ананың ақ сүтін ,әкенің адал күшін ақтау –өз болашағыңды сақтау ,өзінің перзенттік борышын түсінбеген ,сөйтіп ата-анасын жерге қаратып ,көкіректерін қарс айырғандар бұрында болған ,қазірде жок емес . «Баланың жақсысы –қазық ,жаманы күйік » -дейтіні содан шығар .Ұл –қыз әдептілігінің негізі-ата-ананы риза қылып , үнемі алғыс батасын алуында . Сонда ғана үлкендердің мерейі котеріліп ұл-қыздарының өркені өспек ! Сондықтан Ата –анамызды қадірлейік құрметтейік ағайын .

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.