Оқушылар шығармашылығы


Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қошанкөл ауылы

Ғ.Бегалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің

өзін-өзі тану пәні мұғалімі Батаева Гүлнара Ғабитқызы -жетекшісі

9-сынып оқушысы Батаева Ақгүл Хамитқызы

«Әке – өмірдегі қамқоршың, Ана — сүйенішің»

Әке – дүниедегі қамқоршың. Балалары үшін ыстыққа да, суыққа да төзген адам. Біздің амандығымызды тілеуші және біз үшін өз өмірін қиюға даяр жалғыз адам. «Қарнымыздың тоқ, көйлегіміздің көк» болуы әкелеріміздің арқасы. Бізге керектің бәрін әперуші, балаларының қамын жеуші осы әке емес пе?! Әкелеріміз Құдайдан жүз рет, тіпті одан көп мәрте біздің амандығымызды сұрайды. Ол – отбасымыз және біздер үшін еңбек етіп, бар тапқан-таянғанын беруші және біздің бар жағдайымызды жасаушы қамқор жан. Егер әкеміз болмаса, біз бұл өмірде шалқып жүрмес едік. Әке үшін де, ана үшін де баланың орны ерекше. Сондай-ақ ешқандай қамқорлық және махаббат әке махаббатына жетпейді. Сол себепті әкелеріміздің алдында бас июіміз қажет.

Ана – сені өмірге әкеліп, бағып-қаққан, бар мейірімі мен тәрбиесін аямаған адам. Ол – сенің өмірдегі байлығың, жауһарың, қамқоршың және сүйенішің. Баласының бақыты үшін күндіз-түні тілеуін тілеп, түн ұйқысын төрт бөлген жан. «Балаларым жыламасын, ешкімнен кем болмасын» деп тәлім тәрбиесін беріп, білгенін үйретеді. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың» деген дана халқымыздың сөзі бар. Өйткені ана – бізді ақ сүтін беріп өсіреді, бар тағылымды тәрбиені береді. Бар адамзат күллі әлем анадан туған. Тіпті Абайдай ұлы тұлға да Ұлжандай ізгі анадан туған.

Балаларын «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай» ешкімнен кем қылмай өсірген ол – біздің әкеміз және анамыз. Балаларының амандығын тілеп, бізге жақсылық тілеуші және жасаушы ол әрине – ата-анамыз. Біздер үшін дұға-тілектер жасап, Тәңірден сұраушы осы кісілер. Дұрыс жолда жүруімізді қалайтын, «тұлға» болып қалыптасуымызды тілейтін де осы жандар. Сол үшін де күллі әлем ата-анаға мәңгі қарыздар.

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қошанкөл ауылы

Ғ.Бегалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің

өзін-өзі тану пәні мұғалімі Батаева Гүлнара Ғабитқызы -жетекшісі

9-сынып оқушысы Нәсипқалиева Ақерке Тлекқабылқызы

Мұқағалиға арнау

Мұқағали Мақатаев! Тұлға есімі киелі,

Еш ұмытпас, халқын сені сүйеді

Арнадым мен жыр-шумақты бүгін сізге

Ой толғанып, өзіңізге басымды мен иемін.

Туған елге арнадыңыз өміріңізді тағы да,

Сіз сияқты тұлғалар отырса «Поэзия тағына»,

Елге арналған өлеңдеріңіз көп еді

Еліңіз еске алады сізді осы күні сағына

Жырыңыздан табатындай халық бағын,

Қарасаздан қыран болып көкке қалықтадың

Шықса Абай Семейден дана болып

Мұқағали боп өнерде шарықтадың.

Аққу-жыр қиялында қалықтаған,

Жыр бесігің әлдилеуден жалықпаған

Арызыңызды болашаққа жазып кетіп

Атар таң аманат қып алып қалған.

Өзіңіз жайлы айта алмайсыз тауысып

Ел айтады, жұрт айтады көпшіліктер жарысып

Көпшіліктен алған мың алғыс пен сауаптар

Сірә жатқан шығар рухыңызбенен қауышып

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.