Беккалиева Альмира Бакытжановна


Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы

С.Есетов атындағы ОЖББМ

Өзін -өзі тану пәнінің мұғалімі Беккалиева Альмира Бакытжановна

Тақырыбы: Менің сыныптасым

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері:Достық, сыйластық, шынайылық.

Сыныбы: 8

Оқушылардың саны: 10

Мақсаты:Оқушыларға сыныптағы достық,сыйластық ұғымдарының маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-Оқушылардың достық,сыйластық, татулық туралы түсініктерін кеңейту;

-оқушыларға сыныптағы қарым-қатынас мәдениетін үйрету;

-оқушыларды сыйластыққа, адал достыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.https://kk.wikipedia.org

2.https://botan.cc

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

5Т – ережесі: (Тәртіп,тәртіп,тыныштық,тазалық,татулық.)
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып — білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тренинг «Молекула«.Қатысушылар атомдар секілді қозғалыста болады.Жүргізуші белгілі санды айтқанда,атомдар молекула құрайды.Мысалы, «үш» дегенде,үш адам бір-бірінің қолынан ұстап,3 атомнан тұратын молекула құрайды.Тренинг аяқталған соң, топтармен отырады.

Тыныштық сәті. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. Рахмет!

Үй тапсырмасын тексеру.

1. №19 – сабақ. «Менің сыныбым – менің мақтанышым» тақырыбында эссе жазу.

2. Келесі сабақ. №20, «Жексен» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

Жексеннің ұжымға кіруіне не түрткі болды?

Сыныптастардың арасындағы бірлік неліктен мектеп қабырғасымен шектелмеуі тиіс?

Бірлікшіл ұжымдағы қарым – қатынас адам бойында қандай қасиеттерді тәрбиелейді? Қалайша?

Өздерің сыныптастарыңмен қаншалықты татусыңдар? Айтып беріңдер.

Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым – қатынасы.

Авраам Линкольн

Авраам Линкольн (12 ақпан 1809 — 15 сәуір 1865) — Америка мемлекет қайраткері, АҚШ-тың 16-шы Президенті (1861-1865) және Республикалық партиядан американдық құлдарды бірінші азат етуші, америка халқының ұлттық батыры.

Сұрақтар:

Адами қарым –қатынасты пайдаға, есепке құруға бола ма?

Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

Жүрегіңнің отын сөндірме1

Бір жігіт көршісіне өзін жақында ренжіткен досын жамандай бастайды. Көршісі ол жігітті тыныштандырып, досын кешіруін өтінеді.

Сонда ол ашуланып: «Мен неге өзімді ренжіткен адамды кешіруім керек, неге мен өзімді сатып кеткен адамның алдында кешірім сұрауым керек?- дейді. Тыңдап тұрған көршісі оған бір аңызды баяндап береді.

Ертеде бір адам өмір сүріпті. Ол Табиғат Анадан шам жақпас үшін ешқашан түннің болмауын, пеш жақпас үшін қыстың болмауын өтініп сұрайды. Бірақ, Табиғат Ана ол адамның өтінішін орындай алмайтындығын айтады. Қатты ренжіген ол адам оған былай дейді:

–Ендеше, мен саған жарық беру үшін ешқашан шам жақпаймын, саған жылу беру үшін пешті жылытпаймын, үйдің есігін де жаппаймын,– дейді.

Осы айтылғандарды естіп тұрған жаңағы жігіт көршісіне:

–Бұл неткен ақылсыз адам, бұл өзінің жаққан шамымен Табиғатқа жарық беремін, өзінің жаққан отымен Табиғатты жылытамын деп ойлайды екен ғой,– дейді.

Сонда көршісі:

–Сен де өзіңе соны істеп тұрсың. Сен де өзіңнің жүрегіңнің отын жақпай тұрсың. Саған өзгелердің жарық түсіргенін,өзгелердің келіп жылытқанын күтпей, өз жүрегіңнің отын жағып, өзгелерге жарығың менжылуыңды сыйласаң, мүмкін, өзгелер де өз жолын табуға ұмтылар, – деген екен.

Әңгімедегі жігіттің іс-әрекетіне қандай баға бересіңдер?

Көршісі өзінің аңызын айту барысында нені түсіндіргісі келді?

Аңыз әңгімедегі жарық пен жылу нені сипаттайды?

Бірінші болып қадам жасау үшін адамның бойында қандай ізгі қасиеттер болуы қажет?

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

1 – топ: «Шынайылық»

2 – топ: «Жанашырлық»

Тапсырма: Оқулықта берілген жағдаяттардың шешімін тауып, жалғастырыңдар. Жауаптарыңды негіздеп, түйіндіңдер.

6. Топпен ән айту.

Бір досың керек екен

1.Жабығып қалғанымда,

Таусылып талғамымда,

Арыны бауыр мұңның

Бір сәтке алдануға.

Қайырмасы:

Қасымда бір болатын,

Жасысам сынға алатын,

Жапанда жаяу қалсам ,

Аямас мінген атын.

Көңілге нұр беретін,

Өмірге бір келетін,

Не көрсе бір көретін,

Бір досым керек екен.

2.Жалғыздық батқанында,

Атпай бір ақ таңымда,

Көңілім тұманданып,

Құлазып жатқанында,

3.Шаттығым кернегенде,

Елгедесбермегенде,

Шарықтапсөйлегенде,

Қолыңдысермегенде.

7. Үйге тапсырма

1. №20 – сабақ. Достық туралы мақал – мәтелдер жазып келу.

2. Келесі сабақ. №21, «Бақыт іздеушілер» ертегісін оқып келу.

Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…, арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады…

Д е м а л….. ш ы ғ а р… (жаймен 9-10 рет)немесе1………………2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Рахмет!

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.