Сейтова Гүлдана Әлібекқызы


Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы

С.Есетов атындағы ОЖББМ

Биология пәнінің мұғалімі Сейтова Гүлдана Әлібекқызы

5-бөлім. Синтксис. Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер. Мұғалімнің аты-жөні: БҚО, Казталов ауданы, Талдықұдық ауылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сейтова Гүлдана Әлібекқызы

Сынып: 8

Мектеп: Сүлеймен Есетов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі

Күні: 24.01.2019

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы Қазақстанның Қызыл кітабы
Оқу мақсаты 8.2.5.1.Перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру;

8.4.4.2.Тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану.

Сабақ мақсаты Барлық оқушылар орындай алады:

Оқылым мәтінін оқып мазмұнын толық түсінеді;

Оқушылардың көпшілі орындай алады:

Тұрлаусыз мүше пысықтауыштың жасалу жолын түсінеді;

Кейбір оқушылар орындай алады:

Перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, ойларын дәлелді жеткізе алады.

Бағалау критерийі Тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолданады.

Перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.

Тілдік мақсаттар Оқушылар қолдана алады:

Жаңа тақырыпты меңгеріп, «Қызыл кітап» туралы қосымша мәлімет алады.

Пәндік лексика мен терминология:

Қызыл кітап, категория, қорық, табиғат т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Сирек кездесетін жануарлар, құрып бара жатқан өсімдік түрлері туралы не білесіздер?

Неліктен олар сиреп барады?

Оларды қорғайтын кітап қалай аталады?

Құндылықтар

ды дарыту

Қоршаған орта және энрегия ресурстары туралы білім алады.
Пәнаралық байланыс Биология, география
Бастапқы білім Қазақстандағы қорықтар.
Кезеңі Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер Дереккөздер
Сабақтың басы

10 минут

Ұйымдастыру. Сәлемдесу.

«Мен мектептен не үйрендім?» тренингі

Сөйлемін өз ойларымен толықтырады. Бір-бір сөзбен айтады. Соңғы оқушы деген сөзді қосып айтып жаттығуды аяқтайды.

Үй тапсырмасы сұралады.

«Зымыран сұрақтар» әдісі бойынша ережелерді қайталау, бекітеді.

  1. Бастауыш дегеніміз не?
  2. Бастауышқа қандай белгілер тән?
  3. Баяндауыш дегеніміз не?
  4. Баяндауышқа тән белгілер?
  5. Баяндауыштың сұрақтарын ата, мысал келтір.
  6. Баяндауыш құрамына қарай нешеге бөлінеді?
  7. Анықтауыш дегеніміз не?
  8. Анықтауышқа тән белгілерді ата?
  9. Толықтауыш дегеніміз не?
  10. Толықтауышқа тән белгілер?
  11. Анықтауыштың сұрақтарын ата?
  12. Толықтауыштың қандай түрлері бар?

Жаттығу жұмыстары көркем әдебиеттен тауып келген мысалдары оқылып смайлик арқылы бағаланады.

Үй тапсырмасын қорыту

Сонымен балалар, біздер қандай сөйлем мүшелерімен таныстық.

Толықтауыштың неше түрі бар екен?

интерактивті тақта

слайд

оқулық

Сабақтың ортасы

27 минут

Оқылымалды тапсырма

«Ақылды микрофон» стратегиясы арқылы оқушылармен сұхбат.

Сирек кездесетін жануарлар, құрып бара жатқан өсімдік түрлері туралы не білесіздер?

Неліктен олар сиреп барады?

Оларды қорғайтын кітап қалай аталады?

Жаңа сабақ тақырыбы ашылады.

Оқылым тапсырмасы

Оқулықтағы 1-тапсырмадағы мәтінді түсініп оқиды.

Оқылымнан кейін тапсырма

Қызыл кітаптың басқа кітаптардан ерекшелігі неде?

Қызыл кітаптың түсі неліктен қызыл?

Дескриптор

Тақырыпта ашып, сұрақтарға жауап береді;

Мәтіннен қажетті ақпараттарды табады.

Перифраз тәсілдерін қатыстырып сұрақтар құрастырады.

ҚБ «Мадақтау»

Пысықтауыш туралы бұрыннан не білеміз?

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы пысықтауыш тақырыбы түсіндіріледі.

2-тапсырма

Берілген сөйлемдер мен сөз тіркестерінен пысықтауыш болатын сөйлемдер құраңдар.

Дескриптор

Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрастырады.

Дара күрделі пысықтауыштарды ажыратады.

ҚБ «Қолпаштау»

3-тапсырма (ауызша)

«Кім көп табады?»

Төмендегі үлгі бойынша сөз тіркестерін құраңдар.

Үстеу+етістік. Сын есім+ етістік. Есімдік+етістік

Жұптық жұмыс

Дананың кілттері”

Әр жұптар түрлі түсті кілттерді таңдап алады.

1 кілт “Қиыстыру кілті” Қызыл кітаптың ерекшілігін санамалаңыз.

2 кілт “Кемшіліктер кілті” Қазіргі кездегі өсімдіктер мен жануарлар мәселелері қандай және оны шешу жолдарын айтыңыз?

3 кілт «Әліпби» кілті – берілген тақырыпқа қатысы бар сөздердің тізімін А-дан Я-ға дейін әліпби ретімен 7 сөзді тізбектеңіз.

4 кілт «Керісінше» кілті – сөйлемде «істей алмаймын», «ешқашан» және «істемеймін» сөздерін пайдаланып 3 сөйлем құраңыз.

5 кілт «Жаңа дизайн» егер сіз ауылшаруашылық министір болсаңыз қандай өзгеріс енгізер едіңіз?

ҚБ «Ауызша бағалау»

«Семантикалық кесте» арқылы сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін тауып қажетті белгіні қояды.

ҚБ «Жұптық бағалау»

Сабақтың соңы

3 минут

Үй тапсырмасы

Қосымша тапсырма

Көркем әдебиеттерден бес сөйлем жазып пысықтауыштарды тауып, астын сызып келу.

Кері байланыс:

  • Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?
  • Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?
  • Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?
  • Сабақта қандай қиындықтар туындады?
  • Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?

Оставьте комментарий

Filed under ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.