Category Archives: АКЦИЯ

Акция-4 қорытындысы


  1. Темірғалиева Шынар Бақтыгерейқызы, Қазталов аудандық білім беру бөлімінің жоғары санатты бастауыш сынып әдіскері
  2. Утебаева Несипкул Мейманханқызы, Түркістан қаласы, Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияның жоғары санатты мұғалімі
  3. Турсунжанова Ляззат Назиржановна. Шымкент қаласы №103 Жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
  4. Канагат Слямова Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы
  5. Қонақбай Бақытжан Оразбайұлы Шымкент қаласы №103 Жалпы орта мектебінің Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
  6. Торегелдиева Жанат Куралбекқызы. Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы ,№28 «Ақбай» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
  7. Өтепқали Нәсіпқали Зинелғабиденұлы. Индер аудандық білім бөлімінің оқушылар шығармашылық орталығының I санатты қосымша білім беру педагогі
  8. Курманбекова Гульжан Абдылкайымовна. Алматы облысы Жамбыл ауданы Б.Қыдырбекұлы атындағы орта мектеп
    Педагог-психолог

Жухан Ақгүл, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Б.Қыдырбекұлы атындағы орта мектебінің мұғалімі.

Оставьте комментарий

Filed under Акция-4

Кәсіподақ кеңесінің төрайымы


Утебаева Несипкул Мейманханқызы,
Түркістан қаласы, Некрасов атындағы
№9 мектеп-гимназияның жоғары санатты мұғалімі

Қазақстандағы ең ірі қоғамдық ұйым – білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы. Бүгінде Түркістан қаласында 83 бастауыш ұйымында 9 мыңнан астам кәсіподақ мүшелері еңбек етуде. Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ кеңесінің төрайымы, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Әсілбаева Гүлжан Әсілбайқызы осы қалың орман кәсіподақ мүшелері бар ұйымды басқарады. Оның басқарған ірі кәсіподақ ұйымы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша алдыңғы қатардағы кәсіподақ ұйымдарының бірі. Гүлжан Әсілбаева қалалық кәсіподақ кеңесі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының белсенділігін арттыру, жұмыстарын жақсартуға тұрақты көңіл бөліп келеді. Бастауыш кәсіподақ ұйымдары семинар жоспарға сәйкес әр тоқсанда өткізіледі. Білім беру саласының қандай түріне болсын, қамқорлық керек. Онсыз білім жолы даңғыл бола алмайды.

Кәсіподақ қызметкері Гүлжан Әсілбаева жайында әңгіме өрбітсек деп,  едім. Өйткені, оның өмір дерегіне үңілсеңіз, саф алтындай сыңғырлаған жолдары бар. Жүзінен шуақ шашып тұратын кейіпкеріміздің парасаттылыққа, адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа, даналыққа толы жүрегі бар, іші толы мейірім-шапағат, ешкімге ұқсамайтын өнегелі еңбек жолы бар. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under Акция-4

Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы әдіскерлердің рөлі. Oблыстық тұңғыш рет өткен әдіскерлер семинары туралы


ҚР-ның білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында орта білім жүйесін қазақстандық қоғам дамуының қазіргі заманғы талаптарына және әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу шарттарына сәйкес жаңғырту, оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу қарастырылады.

Әдіскерлердің кәсіби шеберлігін арттырудың маңызды құралы әдістемелік кабинеттің барлық жұмыс жүйесін бір арнаға тоғыстыратын әдістемелік жұмыс болып табылады.Сол себепті жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында әдіскерлердің рөлі арта түспек.

Әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаты- педагогтың  іс-әрекетін қолдау негізінде талап етіп отырған білім сапасына жету үшін жағдай жасау. Сондықтан әдістемелік қызметтің мазмұнын саралау кезінде педагогтың қажеттілігі мен қиындықтарынан шығуы, білім беру ұйымдарының ерекшелігін ескеруі, сондай-ақ, әдістемелік қызметтің функциялары жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететін ресурстарды құруға негізделуі қажет.

2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңға 2015 жылғы 13 қарашада өзгерістер енгізілген болатын, соның ішінде «әдістемелік кабинет-білім беруді басқару органдарының білім беру процесінің ұйымдастырушылық-әдістемелік камсыздандырылуын, нәтижелерін талдау мен бағалауды, педагог кадрлардың шығармашылық өсуіне және олардың кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруіне жәрдемдесетін инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау мен таратуды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі» деп атап көрсеткен. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under Акция-4

Білім беру жүйесінде психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру


Білім беру жүйесінде психологиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға соңғы кезде үлкен назар аударылуда, өйткені мектептегі оқушылардың жеке ерекшелігін, таным процестерін толық менгеруге, ата-аналар мен мұғалімдердің көптеген мәселелерін шешуге, психологиялық жағынан көмек беруге мұғалімдердің өздеріне өте қиын. Сондықтан да білім беру жүйесінде психологиялық қызметті ұйымдастыру күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі болып отыр. Психологиялық қызмет әлеуметтік ортаның барлық салаларында кеңінен тарап келе жатыр. Білім беру жүйесінде, оның ішінде орта мектепте, осы қызметті ұйымдастырудың өзіне тән қыйындықтары мен шешілмеген проблемалары өте көп.

Мектептегі психологиялық қызмет дегеніміз не, мақсаты, міндетті, іс –құжаттарының түрлері қандай деген мәселені қарастырайық.

Мектептегі психологиялық қызмет– әрбір баланың толыққанды психикалық және тұлғалық дамуына әсер ететін жағдайлармен қамтамасыз ету негізгі мақсаты болып табылатын білім беру жүйесіндегі арнайы сала. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under Акция-4

Танымдық көкжиекті кеңейткен түрлі байқау, конк урстар


Утебаева Несипкул Мейманханқызы,

Түркістан қаласы, Некрасов атындағы

№9мектеп-гимназияның жоғары санатты мұғалімі

Жаңалық ашу өздігінен келе салмайды. Оған алдын-ала жасалған қажырлы еңбек құлшындырады десек, дәл сол сәтті шабытты шақ деп сипаттауға болады. Шабыт – адамның рухани күштерінің ширығып өрлеуі, шығармашылық толғанысы. Шабыт жаңа туындының пайда болуына бастайды. Шабыт адамның жоғары белсенділігімен, әрекеттің өнімділігімен, шығармашылықтың өзінің шаттығын сезінумен құштарлық пен эмоцияның ұштасуымен сипатталады. Шығармашылық үрдістің санадан тыс тәрізді болып көрінуі шығармашылықтың өзінің барынша саналылығының нәтижесі, сананың ерекше айқындылығының, ойлар мен бейнелердің өзінше бір үлгіде лықси келіп, айшықтана көрінуінің, естің, зейіннің, идеяны орындауға бағытталған құлшыныс пен ерік-жігердің жемісі. Шабытты шақтарында адам бойындағы бар жан күштерін шоғырландырып әрекет етеді. Осы тұрғыда мұғалімдердің шығармашылыққа ұмтылуы – адамға тән әрекет екен. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under Акция-4

«Ізденіс- жүйелі жұмыс негізі»


№103 Жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Турсунжанова Ляззат Назиржановна

Шымкент қалалық білім бөлімінің бастауыш сыныптар бойынша ҒӘО-тың әдіскері Халиева Бағила Ермекқызы

Шымкент қалалық білім бөлімінің
бастауыш сыныптар бойынша ҒӘО-тың әдіскері
Халиева Бағила Ермекқызы

«Сабақ беру- жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»,- деп Ж.Аймауытов айтқандай, оқыту жүйесі әр түрлі әдіс-тәсілдермен толығып, білім берудің жүйелері жаңаша түрде көрініс табуда. Қазіргі таңда ұстаздар қауымы алдында білім жүйесін жаңа заман талабына сай жаңа үлгіде жүргізу міндеті тұр.

Осындай талаптарды қойып, оны бақылап,бағыт-бағдар беруші білім бөлімі әдіскерлерінің еңбектері орасан зор. Осы орайда Шымкент қалалық білім бөлімінің бастауыш сыныптар бойынша ҒӘО-тың әдіскері Халиева Бағила Ермекқызы жайында айтып өтейін. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under Акция-4

Талапты жас маман


Абай атамыз «Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба…» дейді. Әңгімеме арқау етіп жанына жақын мамандықты игеріп, еңбек жолын жаңадан бастаған Орынгалиева Арайлым Серікқалиқызын алмақпын. Ол Казталов ауданы, Березин ауылындағы Қайыңды орта жалпы білім беретін мектебін 2009 жылы ойдағыдай тәмамдап, Орал қаласындағы Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» мамандығына оқуға түседі. 2012 жылы педагогикалық колледжді үздік дипломмен аяқтады.Ол еңбек жолын 2012 жылы туған ауылы Қайыңдыдағы «Балдырған» балалар бақшасында әдіскер қызметінен бастады. Кіндік қаны тамған туған жеріне табан тіреп, бүлдіршін іні-сіңлілеріне тәлім- тәрбие беріп, жаңадан тәжірибе жинап келе жатқан Арайлым 2013 жылдың қазан-қараша айлары Казталов ауданы орталығындағы 280 орындық «Нұрбалапан» бөбекжай-балабақшасындағы тәрбиеші қызметіне ауысады. Ал, 2013 жылы қараша айынан бастап Казталов аудандық білім беру бөлімінде «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» бойынша әдіскері қызметін абыройлы атқаруда. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under Акция-4

Әдіскер — ұстаздардың ұстазы


Сейфуллина Ағиба Пангерейқызы – 26 жыл бойы үздіксіз аудандық әдістемелік кабинетте талмай еңбек етіп, біліктілігін жоғары санатқа дейін көтерген шебер әдіскер. Оның талабы биік, еңбекқорлығы басым, шаршауды білмейтін, үйретері көп,жаңалыққа жаны құмар, турашыл жан екеніне ешкім күмән келтірмейді.

Ол 1984 жылдан 1990 жылға дейін мектепке дейінгі мекеме әдіскері , ал 1990 жылдан бастап бастауыш сыныптар бойынша әдіскер қызметін абыройлы атқаруда.Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек беруде , олардың мамандық шеберлігін арттыруда шығармашылықпен жұмыс жасап келе жатқан ,өз ісінің қыр-сырын жетік меңгерген маман.Қазіргі таңда аудан бойынша 47 мектептің 200 бастауыш сынып мұғаліміне жетекшілік етіп келеді.Осы жылдар ішінде бастауыш сынып мұғалімдері үшін 34 семинар, жыл сайын секция жұмыстарын жүргізіп келеді.Аудан көлемінде 50-ден астам мұғалімнің іс-тәжірибесін таратты.Шағын құрамды мектептің іс-тәжірибесі видеоматериал түрінде облыстық білім басқармасының алқа отырысында көрсетілді.Ағиба Пангерейқызы бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын көтеруді басты мақсат етіп санайды және білім сапасының оқушыға білім беретін ұстазға тығыз байланысты екеніне аса мән береді. Аудандық бастауыш сынып сынып мұғалімдері шығармашылық тобына жетекшілік ете жүріп, жаңа буын оқулықтары бойынша талдау жасап, тест тапсырмаларын құрды.Әр тоқсан сайын білім сапасына талдау жасап, кемшіліктерді жою бағытында жұмыстанды.Сабақтарында жаңа технология элементтерін қолданып жүрген ұстаздардың үлгілі сабақтарын семинар,секция жұмыстарында үлгі ретінде көрсетіп, жаңашылдыққа үйретуде. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under Акция-4

Қосымша білім беру — тәрбиенің ажырамас бөлігі


Казталов аудандық білім беру бөлімінің «Казталов балалар саз мектебі» 2014жылы қазан айынан бастап Тәрбие жұмыстары орталығынан бөлініп, Казталов ауданының білім беру бөлімінің « Казталов балалар саз мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып ашылды.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы Заңын және Білім Министрлігінің кешенді Бағдарламасын, мектептен тыс мекемелерге арналған бағдарламаларды және Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын «Казталов балалар саз мектебінің Жарғысын басшылыққа ала отырып өз жұмысын атқарып келеді. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under Акция-4

Әдістемелік жұмыстың дамуы – білім ұйымдарында ғы инновациялық қызметтің сапасын арттыру кепіл і


Білім берудің жаңа парадигмасына көшу жағдайында жаңаша білім бере білу үшін мұғалімдердің өз біліктілігін үнемі жетілдіріп отыруы, оқытудың жаңа технологияларымен танысып, өзіне ең тиімдісін таңдап, терең оқып меңгеріп, қолдана білуі өте маңызды. Бұл мәселелерді іске асыру мақсатында әдістемелік жұмысты жетілдіру – бүгінгі заман талабы.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», — деп қарастырады [1]. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under Акция-4