Category Archives: Акция-4

Әдіскер — ұстаздардың ұстазы


Сейфуллина Ағиба Пангерейқызы – 26 жыл бойы үздіксіз аудандық әдістемелік кабинетте талмай еңбек етіп, біліктілігін жоғары санатқа дейін көтерген шебер әдіскер. Оның талабы биік, еңбекқорлығы басым, шаршауды білмейтін, үйретері көп,жаңалыққа жаны құмар, турашыл жан екеніне ешкім күмән келтірмейді.

Ол 1984 жылдан 1990 жылға дейін мектепке дейінгі мекеме әдіскері , ал 1990 жылдан бастап бастауыш сыныптар бойынша әдіскер қызметін абыройлы атқаруда.Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек беруде , олардың мамандық шеберлігін арттыруда шығармашылықпен жұмыс жасап келе жатқан ,өз ісінің қыр-сырын жетік меңгерген маман.Қазіргі таңда аудан бойынша 47 мектептің 200 бастауыш сынып мұғаліміне жетекшілік етіп келеді.Осы жылдар ішінде бастауыш сынып мұғалімдері үшін 34 семинар, жыл сайын секция жұмыстарын жүргізіп келеді.Аудан көлемінде 50-ден астам мұғалімнің іс-тәжірибесін таратты.Шағын құрамды мектептің іс-тәжірибесі видеоматериал түрінде облыстық білім басқармасының алқа отырысында көрсетілді.Ағиба Пангерейқызы бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын көтеруді басты мақсат етіп санайды және білім сапасының оқушыға білім беретін ұстазға тығыз байланысты екеніне аса мән береді. Аудандық бастауыш сынып сынып мұғалімдері шығармашылық тобына жетекшілік ете жүріп, жаңа буын оқулықтары бойынша талдау жасап, тест тапсырмаларын құрды.Әр тоқсан сайын білім сапасына талдау жасап, кемшіліктерді жою бағытында жұмыстанды.Сабақтарында жаңа технология элементтерін қолданып жүрген ұстаздардың үлгілі сабақтарын семинар,секция жұмыстарында үлгі ретінде көрсетіп, жаңашылдыққа үйретуде. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under Акция-4

Қосымша білім беру — тәрбиенің ажырамас бөлігі


Казталов аудандық білім беру бөлімінің «Казталов балалар саз мектебі» 2014жылы қазан айынан бастап Тәрбие жұмыстары орталығынан бөлініп, Казталов ауданының білім беру бөлімінің « Казталов балалар саз мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып ашылды.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы Заңын және Білім Министрлігінің кешенді Бағдарламасын, мектептен тыс мекемелерге арналған бағдарламаларды және Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын «Казталов балалар саз мектебінің Жарғысын басшылыққа ала отырып өз жұмысын атқарып келеді. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under Акция-4

Әдістемелік жұмыстың дамуы – білім ұйымдарында ғы инновациялық қызметтің сапасын арттыру кепіл і


Білім берудің жаңа парадигмасына көшу жағдайында жаңаша білім бере білу үшін мұғалімдердің өз біліктілігін үнемі жетілдіріп отыруы, оқытудың жаңа технологияларымен танысып, өзіне ең тиімдісін таңдап, терең оқып меңгеріп, қолдана білуі өте маңызды. Бұл мәселелерді іске асыру мақсатында әдістемелік жұмысты жетілдіру – бүгінгі заман талабы.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», — деп қарастырады [1]. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under Акция-4

Педагогтардың сапалық құрамын арттыру –білім сапасын арттырудың басты негізі


Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауында білім беру саласын дамыту қажеттігі және оны жүзеге асырудың тиімді жолдары туралы атап айтылған. Онда, ең бірінші орынға білім беру үрдісінде алдыңғы қатарлы заманауи әдістемелер мен технологияларды қолдану мәселесі көтерілсе, екінші маңызды мәселе ретінде педагогтардың сапасын арттырудың маңыздылығына назар аударылды. Ендеше, мұғалімдердің сапалық құрамын арттыруда елеулі үлесін қосып отырған ауданымыздың білікті де білімді маманы туралы тоқталайын.

Хафизова Ая Мұғазқызы – Казталов аудандық білім беру бөлімінің кадрға жетекшілік ететін бас маманы. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under Акция-4

Озық іс-тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату жұм ыстары


Утебаева Несипкул Мейманханқызы,
Түркістан қаласы, Некрасов атындағы
№9мектеп-гимназияның жоғары санатты мұғалімі

Мұғалімнің шығармашылық істерді шеше алуы оның негізгі құзырлылықтарының бірі болып табылады. Қазіргі кезде әртүрлі әлеуметтік әрекеттерді жаңашылдықпен шеше алуы қажет болып, күнделікті өмірде тапқырлықты, қалыптан тыс ойлауды, соны шешімдер қабылдай білуді талап ететін жағдайлар жиі кездесіп отырады. Өмір деген тура жол емес, оның бұралаңы мен бұлыңғыр тұстары көп. Сол жағдайлардан табиғи қабілеттерін, әлеуеттерін үнемі толықтырып отыру арқылы даралық дамудың даңғыл жолына түскен, шеберліктің шыңына көтерілген мұғалім ғана сүрінбей өте алады. Керісінше болған жағдайда ол қоғамдағы өзгерістер көшінен қалады. Шығармашылық мұғалімге тән тән құзырлылықтарды атасақ, Педагогикалық ақиқаттағы проблеманы көре білу; Оны тиімді шешу үшін қажетті ақпаратты тез арада таба, ондағы негізгіні анықтай алу; Нәтижені болжай білу; Жаңалықты тәжірибеге енгізе алу; Әрекетін зерттеп талдай алу; Нәтижеге сыни баға бере алу. Мұғалім бойында мұндай қасиет-сапаларды дамытуда біз біліктілікті арттыруды технологияландыру мәселесінің алар орыны ерекше. Енді, Түркістан қалалық білім бөлімінің сараптауы бойынша бір шоғыр мұғалімдердің шығармашылық еңбектерінің жеңісі мен жемісін атап өтейік. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under Акция-4

Акция-4; 3-топ фотоотчет


Жухан Ақгүл, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Б.Қыдырбекұлы атындағы орта мектебінің мұғалімі.

Мен Республикалық газет және сайт 45minut.kz ұйымдастыруымен өтіп тұратын акцияға тұрақты қатысушылардың бірімін. Акция-2, Акция -3 қатысушысы ретінде редакцияның мақтау қағазы мен алғыс хатына ие болдым.
Бұл акцияларды жариялаудағы мақсаты интернет арқылы ұстаздар шығармашылығы, жетістігі, іс-тәжірибелерін БАҚ арқылы практикалық тапсырмалар бойынша үйрету. Бұл акциялар ұстаздардың өз еңбектерін, шығармашылық жұмыстарын жариялауға, насихаттауға тамаша мүмкіндік береді.

Бұл жолы Акция-4те акция туралы ақпаратты ұстаздар арасында кеңінен насихаттап түсіндіру жұмыстарымен айналыстым. Яғни үшінші топ қатарындамын. Акцияға өзім ғана қатысып қоймай әріптестерім де қатыссын деген мақсатпен интернетте Фейсбук арқылы хабарландыруларды үнемі бөлісіп отырдым . Сонымен қатар ұялы телефон арқылы қоғамдастық желіде құрылған арнайы топтарға яғни деңгейлік курста бірге оқыған ұстаздарға, мектеп ұжымына, көрші мектептегі таныс ұстаздарға, ауданда білім жетілдіру курсында бірге оқыған ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне акция өтіп жатқандығы туралы айтып және оның шарттарын үнемі түсіндіріп, жарнамалап отырадым. Бұған дәлел ретінде фотоотчет қостым.

Бұл акцияларды ұйымдастырушы сайтқа және редакторы Нагиев Ізгілік Байдрахманович мырзаға алғысым шексіз. Жұмыстарыңызға шығармашылық табыс, қажымас қайрат тілеймін!

 

Оставьте комментарий

Filed under Акция-4

Оқушылар бағындырған белестер


Утебаева Несипкул Мейманханқызы,
Түркістан қаласы, Некрасов атындағы
№9 мектеп-гимназияның жоғары санатты мұғалімі

Қазақстанда жас ұрпақты тәрбиелеу жұмыстарының үлгілерін жасауда ұлттың тәрбие үрдісін жаңғыртып, педагогиканың озық үлгілері басшылыққа алынып, елімізде өскелең ұрпақты тәрбиелеудің Кешенді бағдарламасы дүниеге келді. Бұл құжаттың басты міндеті — өзінің өмірлік мақсаттарын дұрыс белгілей алатын, адами құндылықтары қоғамдық талаптарға сай келетін, адамдар және қоршаған орта мен табиғат әлемімен бірлесе өмір сүре алатын тұлға тәрбиелеудің негізін жасау болып табылады.

Білім саласындағы бұл өзгерістерді нәтижелі шешу үшін ғылыми негізделген оқыту теорияларын оқып үйренуге ден қойылды. Дамыта оқыту, тұлғаға бағытталған оқыту теорияларын басшылыққа ала отырып, оқу үрдісіне жаңа оқыту технологияларын мұғалімдер пайдалануда. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under Акция-4