Category Archives: АКЦИЯ

Педагогтардың сапалық құрамын арттыру –білім сапасын арттырудың басты негізі


Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауында білім беру саласын дамыту қажеттігі және оны жүзеге асырудың тиімді жолдары туралы атап айтылған. Онда, ең бірінші орынға білім беру үрдісінде алдыңғы қатарлы заманауи әдістемелер мен технологияларды қолдану мәселесі көтерілсе, екінші маңызды мәселе ретінде педагогтардың сапасын арттырудың маңыздылығына назар аударылды. Ендеше, мұғалімдердің сапалық құрамын арттыруда елеулі үлесін қосып отырған ауданымыздың білікті де білімді маманы туралы тоқталайын.

Хафизова Ая Мұғазқызы – Казталов аудандық білім беру бөлімінің кадрға жетекшілік ететін бас маманы. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under Акция-4

Озық іс-тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату жұм ыстары


Утебаева Несипкул Мейманханқызы,
Түркістан қаласы, Некрасов атындағы
№9мектеп-гимназияның жоғары санатты мұғалімі

Мұғалімнің шығармашылық істерді шеше алуы оның негізгі құзырлылықтарының бірі болып табылады. Қазіргі кезде әртүрлі әлеуметтік әрекеттерді жаңашылдықпен шеше алуы қажет болып, күнделікті өмірде тапқырлықты, қалыптан тыс ойлауды, соны шешімдер қабылдай білуді талап ететін жағдайлар жиі кездесіп отырады. Өмір деген тура жол емес, оның бұралаңы мен бұлыңғыр тұстары көп. Сол жағдайлардан табиғи қабілеттерін, әлеуеттерін үнемі толықтырып отыру арқылы даралық дамудың даңғыл жолына түскен, шеберліктің шыңына көтерілген мұғалім ғана сүрінбей өте алады. Керісінше болған жағдайда ол қоғамдағы өзгерістер көшінен қалады. Шығармашылық мұғалімге тән тән құзырлылықтарды атасақ, Педагогикалық ақиқаттағы проблеманы көре білу; Оны тиімді шешу үшін қажетті ақпаратты тез арада таба, ондағы негізгіні анықтай алу; Нәтижені болжай білу; Жаңалықты тәжірибеге енгізе алу; Әрекетін зерттеп талдай алу; Нәтижеге сыни баға бере алу. Мұғалім бойында мұндай қасиет-сапаларды дамытуда біз біліктілікті арттыруды технологияландыру мәселесінің алар орыны ерекше. Енді, Түркістан қалалық білім бөлімінің сараптауы бойынша бір шоғыр мұғалімдердің шығармашылық еңбектерінің жеңісі мен жемісін атап өтейік. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under Акция-4

Акция-4; 3-топ фотоотчет


Жухан Ақгүл, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Б.Қыдырбекұлы атындағы орта мектебінің мұғалімі.

Мен Республикалық газет және сайт 45minut.kz ұйымдастыруымен өтіп тұратын акцияға тұрақты қатысушылардың бірімін. Акция-2, Акция -3 қатысушысы ретінде редакцияның мақтау қағазы мен алғыс хатына ие болдым.
Бұл акцияларды жариялаудағы мақсаты интернет арқылы ұстаздар шығармашылығы, жетістігі, іс-тәжірибелерін БАҚ арқылы практикалық тапсырмалар бойынша үйрету. Бұл акциялар ұстаздардың өз еңбектерін, шығармашылық жұмыстарын жариялауға, насихаттауға тамаша мүмкіндік береді.

Бұл жолы Акция-4те акция туралы ақпаратты ұстаздар арасында кеңінен насихаттап түсіндіру жұмыстарымен айналыстым. Яғни үшінші топ қатарындамын. Акцияға өзім ғана қатысып қоймай әріптестерім де қатыссын деген мақсатпен интернетте Фейсбук арқылы хабарландыруларды үнемі бөлісіп отырдым . Сонымен қатар ұялы телефон арқылы қоғамдастық желіде құрылған арнайы топтарға яғни деңгейлік курста бірге оқыған ұстаздарға, мектеп ұжымына, көрші мектептегі таныс ұстаздарға, ауданда білім жетілдіру курсында бірге оқыған ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне акция өтіп жатқандығы туралы айтып және оның шарттарын үнемі түсіндіріп, жарнамалап отырадым. Бұған дәлел ретінде фотоотчет қостым.

Бұл акцияларды ұйымдастырушы сайтқа және редакторы Нагиев Ізгілік Байдрахманович мырзаға алғысым шексіз. Жұмыстарыңызға шығармашылық табыс, қажымас қайрат тілеймін!

 

Оставьте комментарий

Filed under Акция-4

Оқушылар бағындырған белестер


Утебаева Несипкул Мейманханқызы,
Түркістан қаласы, Некрасов атындағы
№9 мектеп-гимназияның жоғары санатты мұғалімі

Қазақстанда жас ұрпақты тәрбиелеу жұмыстарының үлгілерін жасауда ұлттың тәрбие үрдісін жаңғыртып, педагогиканың озық үлгілері басшылыққа алынып, елімізде өскелең ұрпақты тәрбиелеудің Кешенді бағдарламасы дүниеге келді. Бұл құжаттың басты міндеті — өзінің өмірлік мақсаттарын дұрыс белгілей алатын, адами құндылықтары қоғамдық талаптарға сай келетін, адамдар және қоршаған орта мен табиғат әлемімен бірлесе өмір сүре алатын тұлға тәрбиелеудің негізін жасау болып табылады.

Білім саласындағы бұл өзгерістерді нәтижелі шешу үшін ғылыми негізделген оқыту теорияларын оқып үйренуге ден қойылды. Дамыта оқыту, тұлғаға бағытталған оқыту теорияларын басшылыққа ала отырып, оқу үрдісіне жаңа оқыту технологияларын мұғалімдер пайдалануда. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under Акция-4

Ұстаз болу – жүректің батырлығы


ОҚО Шымкент қаласы №103 жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Турсунжанова Ляззат

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы
АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ
деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері
Бименова меруерт Тилеубергеновна

Егеменді елдің, келер ұрпақтың болашағы, келешегі білімде жатыр.Ол үшін білімді, білікті ұстаздар керек -деп елбасымыз айтқандай,еліміздің елдігін танып, оны жетілдіріп, дамытатын жас ұрпақ.
Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы-жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under Акция-4

«Аруна «желілік қауымдастықтың жұмысы


Канагат Слямова

Бүгінгі таңда біліктілікті арттыру бағдарламасын жаңарту және білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген. Осыған орай, аудан мектептерінің мұғалімдері Алматы, Астана, Өскемен, Семей қалаларында білім жетілдіру курсынан жоспарлы түрде өтіп отырады. Біліктілікті арттыру курстары «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» акционерлік қоғамының базасында, сондай-ақ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының базасындағы педагогикалық шеберлік орталығында курстық даярлықтан өтіп, біліктілік емтиханын тапсырғаннан кейін педагогке еңбекақысына әсер ететін 1-, 2-, 3-деңгейлі курстар градациясына сай тиісті сертификат берілуде. 2012-2014 оқу жылында барлығы 108 мұғалім денгейлік курстан өтсе, 2015-2016 оқу жылында аудандағы 853 мұғалімнің 141 сертификатталып, деңгейлік курстардан өтті. Оның 105-і — 3 деңгей бойынша, 14 мұғалім — 2 деңгей бойынша, 22 мұғалім — 1 деңгей бойынша курстан өтті. 2015 жылы қантар айынан «Аруна» желілік қауымдастық құрылып жұмыс істеп келеді. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under Акция-4

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы


Канагат Слямова

Білім беру сапасы, бірінші кезекте, сапалы даярлығы бар оқытушылармен айқындалады. 2015-2016 оқу жылында білім беру сапасын жаңа көзқарас тұрғысынан түсіне отырып, ауданда 853 мұғалім қызмет атқарады. Оның ішінде: 740 мұғалім — жоғары білімді, 113-і — орта арнайы білімді. Аудан мектептерінде жоғары санатты – 81, бірінші санатты – 331, екінші санатты-230, санаты жоқ -211 мұғалім қызмет етеді.

Қазақстан Республикасы «Білім» туралы Заңының 51 бабының 5 — тармағында «Мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігін,парасаттылығын, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті» — делінген, сондықтан еліміздің білім беру саясатындағы көкейтесті мәселелердің бірі мұғалімдердің біліктіліктерін жүйелі арттыру болып табылады. Осыған орай, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында педагог қызметкерлерге арналган қысқа мерзімді курстар жоспарлы түрде ай сайын ұйымдастырылады.

«Ел болашағы-білімді жастардың қолында» деген қағида негізінде аудан мектептеріне 2015 жылы 27 жас маман аудан мектептеріне жұмысқа орналасты. Оның 6– уы аудан әкімінің грантымен ауданға келіп қызмет етуде. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under Акция-4

Күршім ауданындағы білім беру мекемелерінің 2015 жылы атқарылған жұмысының қорытындысы


Канагат Слямова

Білім беру «Қазақстан – 2050» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылады. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты- білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу. Қазақстан Республикасының Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.Елбасының алға қойған міндетін жүзеге асыру мақсатында Күршім ауданының білім беру мекемелері білім бөлімінің 2015 жылға арналған жоспарына сай жұмыс атқарды. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under Акция-4

Дарынды оқушымен жұмыс барысы туралы


Канагат Слямова

Аудан мектептерінің оқушылары Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен өтетін сайыстарға, байқауларға, олимпиадаларға белсене қатысып отырады. Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 25 қыркүйегінде №3 Күршім гимназиясының базасында 1-7 сынып оқушылары арасында республикалық «Зерде» ғылыми жобалар сайысының аудандық кезеңіндеең үздік деп танылған 7 оқушының жұмысы облыстық кезеңге қатысып, 6-уы жүлделі орындармен марапатталып қайтты. Олар: Набиолда Дильназ (№1 Теректі ОМ, 3 сынып)-І орын, Ақылбекова Дана (№3 Күршім гимназиясы, 7 сынып)- І орын, Қабиолдина Айым (Қалжыр ОМ, 6 сынып)- ІІІ орын, Нұрлыбекұлы Бекзат (№1 Теректі ОМ, 7 сынып)- ІІІ орын, Бейсінхан Сағым (Қалжыр ОМ, 7 сынып)- ІІІ орын, Нұролдаева Сындар (Қалжыр ОМ, 4 сынып)- ІІІ орын, Сағидолдина Әйгерім (Қаратоғай ОМ, 4 сынып). 27-31 қаңтар күндері Ақмола облысының Щучье қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткен республикалық кезеңде Ақылбекова Дана- ІІ орын, Набиолда Дильназ- ІІІ орынды жеңіп алды. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under Акция-4

Профессор Қаратаев – біздің мақтанышымыз!


Далеуова Зауреш Асауовна
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Ақкөл ауылы Абай атындағы орта мектебі
Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты тарих және қоғамтану, құқық негіздері пәні мұғалімі

Төреғали Қаратаев 1934 жылы 8 мамырда Ақтөбе облысы, бұрынғы Қарабұтақ қазіргі Әйтеке би ауданының Ақкөл ауылында дүниеге келген. Тарих ғылымдарының докторы, профессор (1995), Әйтеке би ауданының құрметті азаматы (1995).

Жастай ата-анасынан айырылса да, тағдырдың талай теперішін көрсе де, өмір атты асау толқынның ырқына көнбеген, қиындығына мойымаған, білім мен ғылымға деген құштарлық пен еліме адал еңбек етсем деген ізгі ниет, ақ тілекпен, азаматтық парызым өтесем деген жастықтың жалынымен қайраттанған болашақ ғалым Қызылжұлдыз жеті жылдық мектебі, Қарабұтақ орта мектептерінде оқыды. Ақтөбе педучилищесін үздік бітірген бес пайызшылардың бірі (1953), С.М.Киров атындағы (қазіргі Әл – Фараби) Қаз.МҰУ – дің тарих факультетін (1958) тәмамдап, Алматы маңындағы Шамалған орта мектебінде ұстаздық еткен. 1959 – 62 жылдары Республикалық оқу – педагогика баспасының редакторы. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under Акция-4