Category Archives: «АРМАНЫ АСҚАҚ ОҚУШЫ»

Ғұмаров Дәурен Асанұлы


«Менің арманым…»

Болғанда ақылың дария, кеудең кеме,
Кемесіз дариядан өтем деме.
Кеудеңде санаң болса, талап ізде,
Талапсыз мақсатыңа жетем деме.
Шәкәрім Құдайбердіұлы

Шәкәрім Құдайбердіұлының мына өлең жолдарында әрбір саналы адамның талапты болуы керектігі, талапсыз ешқандай мақсатың мен арманың орындалмайтындығы туралы анық айтылған.
Ұстазым: «Өзіңнің арманың туралы эссе жазып кел»,- деп тапсырма берген кезде мен көп ойландым. Әрине, ештеңе де оңай емес… «Көз қорқақ, қол батыр» деп іске кірістім.
Адам баласының қайталанбас кезі – бақытты балалық шағы. Біз, сол бақытты күндерді басымыздан кешіп жатырмыз. Аллаға мың рет шүкіршілік айтып, ризашылығымды білдіремін. Себебі, еліміз тыныш, жұртымыз аман, ата – анам мен бауырларым жанымда. Осы бақытты күндерімді босқа өткізбей, сапалы білім мен саналы тәрбие алуға тырысып жатырмын. Читать далее

4 комментария

Filed under "АРМАНЫ АСҚАҚ ОҚУШЫ"