Category Archives: «ЭКСПО – 2017»

«ЭКСПО -2017» көрермен көзімен


Қазақ елі тәуелсіздік туын желбіретіп тіккеннен бері дамыған алдыңғы қатарлы елдер қатарына жету мақсатында талай белестерді бағындырды.Осыдан бірнеше жыл бұрын «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін өткізу құқығына ие болып, еліміздің мерейі тасып, бір қуанғанбыз.
ЭКСПО-деген не? Ол қандай нәрсе болмақ? Оның біздің еліміз үшін қаншалықты маңызды бар? ЭКСПО – қандай жоба? — деген сұрақтар санамыздан орын алғаны рас.  ЭКСПО туралы интернет беттерін ақтарып, өзім үшін ЭКСПО сөзінің мағынасын білу үшін тарих беттерін ақтарып, 166 жылдық тарихы бар «ЕХРО» сөзі ағылшынның «көрме»сөзінен қысқартылып алынғанын білдім.ЕХРО- бүкіләлемдік бірегей көшпелі көрме екен. Маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен ,әлемдік деңгейдегі жарыстармен салыстыруға болатын ауқымды оқиға. Жалпы көрме 1851 жылы Лондоннан бастау алған. Содан күні бүгінге дейін маңызын жоймаған,күннен күнге зор танымалыққа ие болып келе жатырған көшпелі көрме. Қазақ елі 1997 жылдан бастап мүшелікке еніпті.2005 жылдан бастап көрмеге қатысып келетінімен таныстым.
ЭКСПО басталғалы көру арманым болатын, күндердің күнінде арманым орындалып әкем екеуміз «ЭКСПО-2017» көрмесіне бардық. Ауыл тұрғындарының ішінен алғашқы болып барғанымды мақтанышпен айта аламын. Тіркеу бөлімінен кейін құдды ертегідей әлемге тап болғандай күйде жүрдім. Әр елдің көрмесі мен үшін бір жаңалық болды. Шар тәрізді шынының өзіндік ерекшелігі мен елімздің салт-дәстүрінен хабар беретін жаңа технологиялардың өзі мен үшін бұрын көрмеген дүние болды. Шет мемлекеттердің бірнешеуінің көрмесін араладым.  Маған Түркия, Кория, Қытай,  Испания елдерінің көрмесі ұнады.  Ауылға барғасын достарыма көрсетемін деп естелікке суретке түсіп алдым.

Чкалов атындағы орта мектептің 3-сынып оқушысы
Таңатар Нұрай Сәкенқызы

Оставьте комментарий

Filed under «ЭКСПО – 2017»

«ЭКСПО – 2017. КӨРЕРМЕН ПІКІРІ»


Bilimnur.kz басылымы ұстаздар және оқушылар үшін «ЭКСПО–2017. Көрермен пікірі» шығармашылық конкурсын ұйымдастырады.

Конкурстың мақсаты: «Экспо-2017» халықаралық көрмесі туралы шығармаларды оқырманға ұсыну

Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілген ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме. 

EXPO бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық ауқымдағы оқиға. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under «ЭКСПО – 2017», ЖАҢАЛЫҚТАР, Konkurs