Category Archives: Konkurs

«ЭКСПО – 2017. КӨРЕРМЕН ПІКІРІ»


Bilimnur.kz басылымы ұстаздар және оқушылар үшін «ЭКСПО–2017. Көрермен пікірі» шығармашылық конкурсын ұйымдастырады.

Конкурстың мақсаты: «Экспо-2017» халықаралық көрмесі туралы шығармаларды оқырманға ұсыну

Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілген ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме. 

EXPO бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық ауқымдағы оқиға. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under «ЭКСПО – 2017», ЖАҢАЛЫҚТАР, Konkurs

КОНКУРСТАР


%d0%ba%d0%be%d0%bd%d0%ba%d1%83%d1%80%d1%81Құрметті Ұстаздар! Шығармашылық конкурстардың басталғаны туралы хабарлаймыз.

Республикалық 45minut.kz газетіне жазылған ұстаздар жыл бойына конкурстарға тегін қатысады. Читать далее

2 комментария

Filed under Konkurs

Конкурс


Ақтөбе қаласы
№15 орта мектебінің
2«Ә» класс оқушысы
Сүндетова Диляра Қарасайқызы
Жетекшісі: Мустафина Айнур Куаншибаевна

Астанам

Жаса, жайна Астанам,

Қанат жая бастаған.

Ертеңімнің есігін,

Сенімменен аш маған.

Болашаққа дана жол,

Салып берген Астанам.

Таңқалдырып әлемді,
Өркендей бер, жас қалам.

Ақтөбе қаласы
№15 орта мектебінің
2«Ә» класс оқушысы
Қалманова Нұрлыанар Қанатқызы
Жетекшісі: Мустафина Айнур Куаншибаевна

Қыс келді

Қыс келді, алақай, алақай,

Қуанды мәз болып, балақай.

Басына киіп ап малақай,

Аққала тұрғызды балақай.

Тілім менің

Тілім менің – тірегім,

Мақтанышым, жүрегім.

Қуат алып өзіңнен,
Қыран құстай түледім.

Оставьте комментарий

Filed under Konkurs

Тақырыбы: «Шапшаң есептеудің кейбір әдістері»


Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы

«Ембі қалалық №1 орта мектебі» ММ

Жоба авторы — Тоқашева Данагүл Серікқызы 5 класс

Тақырыбы: «Шапшаң есептеудің кейбір әдістері»

Ғылыми бағыты: экономикалық және әлеуметтік процестерді

математикалық модельдеу

Секция: қолданбалы математика

Жетекшісі — Аменова Шолпан Сагитжановна

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қалалық

№1 орта мектебінің 5 класс оқушысы Д.Тоқашеваның

«Шапшаң есептеудің кейбір әдістері» тақырыбына жазған ғылыми жұмысына

Пікір

Ұсынылып отырған жобаға оқушы ауызша есептеулердің алгоритмдерін көрсете отырып мектеп курсындағы тақырыптарға берілген есептеулердің теориялық мазмұнымен қатар практикалық нұсқауларын берген.

Екі, үш таңбалы сандарды тез арада көбейте салу ережелері мен бөлінгіштік белгілері, квадрат теңдеулерді шешудің ең жеңіл жолдары мен квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу тәсілдері , екі таңбалы санды куб дәрежеге шығару әдістері мысалдармен түсіндірілген.

Жобаның практикалық мәнділігі: математика пәнін тереңдетіп оқығысы келген оқушыларға арналған.

Нәтижесінде оқушының пәнге қызығушылығы артып, танымдық қызығушылығы және логикалық ой-өрісі дамиды.

Данагүл бұл жобаға көп ізденген , есептеудің кейбір тәсілдерін өзі ұсынып отыр.Сараптаушылар тарапынан оң бағасын алады деп ойлаймын. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under Konkurs

Тақырыбы:«Қазақ халқының шамаларды өлшеу жүйесі »


Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы

№46 жалпы орта білім беретін мектеп

Жоба авторы — Талғат Қарақат Оралбекқызы 5 класс

Тақырыбы:«Қазақ халқының шамаларды өлшеу жүйесі»

Секция: қолданбалы математика

Жетекшісі — Кенжегалиева Алма Мустаховна

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы №46 жалпы орта білім беретін мектебінің 5 «в» класс оқушысы Талғат Қарақат Оралбекқызының «Қазақ халқының шамаларды өлшеу жүйесі» тақырыбына жазылған ғылыми жұмысына

Пікір

Қарақаттың алып отырған жобалары қазақ халқының шамаларды өлшеу дәстүрі туралы және шамалардың өлшем бірліктері туралы түсінігін орнықтырып оларды өлшеуге, есептеуге арналған. Бұл әлі астары ашылып, түбегейлі зерттелмеген сала. Бұл ұсынылып отырған еңбек осы бағытта жасалған алғашқы қадам деуге болады. Қазақ халқының шамаларды өлшеу жүйесінде есептері қамтылған . Бұл жоба ата-бабамыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін өлшеудің өзіндік жаңарып жетілу нәтижесінде алынған. Мұнда тұрмыс-тіршілікте қолданылатын ұзындық өлшемдері, киіз үй өлшемдері, ауданды өлшеу үшін қатты денелердің көлемін көз мөлшерімен, сұйық дене көлемін ыдыстың сыйымдылығымен, сусымалы денелерді өлшеу ,уақыт өлшеуіштерін, жыл мезгілдерін анықтау сияқты қазақ халқының шамаларды өлшеу жүйесін тарихи-математикалық мағлұмат ретінде пайдалана отырып, оны есептер шығаруда қолдану және тәжірбие жүзінде көрсету үшін көп еңбектенген. Оқушылардың математикаға деген қызығушылығы туындайды. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under Konkurs

Жоба тақырыбы: Энергияның жаңа көзі – күн энерги ясын пайдалану


Ембі қалалық № 1 орта мектебі

Жоба тақырыбы:

Энергияның жаңа көзі – күн энергиясын пайдалану

Жетекшісі: география пәнінің мұғалімі Дарменова Бакытгуль Джагипаровна

Орындаған: 10 орыс класының оқушысы Бирмагамбетова Сабина

Мұғалім туралы мәлімет: Мен, Дарменова Бакытгуль Джагипаровна Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қалалық № 1 орта мектебінде география пәнінен сабақ беремін. Мектептегі шығармашылықпен қызыға жұмыс жасайтын оқушылардың одан әрі дамыту үшін жұмысымды жалғастырып келемін. Сол оқушылардың ішінде көп ізденетін әсіресе география пәнін ерекше ықыласпен қызығып оқитын 10 класс оқушысы Бирмагамбетова Сабина. Қазіргі таңда сарқылатын табиғат қорларын сақтау мақсатында баламалы энергияны пайдалану жұмыстары Сабинаны қызықтырды. Оқушының сол қызығушылығын ескеріп бірлесе отырып ғылыми жоба дайындадық. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under Konkurs

ТАҚЫРЫБЫ:ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТАНУ МӘСЕЛЕЛЕ РІ


Ембі қалалық №2 орта мектебі

ТАҚЫРЫБЫ:ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Секция: қазақ тілі мен әдебиеті

Орындаған оқушы Қазбекова Жанар 8 класс

Жетекшісі Мұхамедгалиева Жанар-қазақ тілі мен әдебиет

пәні мұғалімі

ЖОСПАР:

ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТАНУ ПӘНІНІҢ НЕПЗП МӘСЕЛЕЛЕРІ

Сөйлеу әдебі мен қарым-қатынас .

Сөйлеу әдебінің саралануы .

Тіл мен мәдениеттің өзара байланысының зерттелу тарихы және лингвистикалық мәдениеттану пәні

ҚОРЫТЫНДЫ.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under Konkurs