Category Archives: АКЦИЯ-2

Акция-2 қорытындысы


01-10 ақпан айында өткізілген акцияға қатысушы ұстаздарымыз белсенділігі бойынша сұрыпталды. Акция қорытындысымен таныс болыңыздар:

Акцияда ең көп мақала жариялағандар:  Топтама жинаққа материалы тегін қабылданады

Казиева Салтанат- 14 мақала.  Қуанова Ләззат — 14 мақала

 

Күнделікті қатысып, акцияның барлық шарттарын орындағандар: Казиева Салтанат, Қуанова Ләззат, Өскенбаева Гулжан, Молдағалиева Айнагүл, Халилаева Ақерке – Республикалық 45minut.kz газетіне мақалалары тегін жарияланады.

  1. Казиева Салтанат- 14 мақала
  2. Қуанова Ләззат — 14 мақала
  3. Өскенбаева Гулжан — 11 мақала
  4. Молдағалиева Айнагүл — 10 мақала
  5. Халилаева Ақерке — 10 мақала
  6. Игенбаева Динара — 9 мақала
  7. Санжар Ғұламов — 5 мақала
  8. Қалуова Раушан — 3 мақала
  9. Даулетова Гүлмира — 3 мақала

Акция тізімінде көрсетілген барлық қатысушыларға сертификат және алғыс хат беріледі. Акцияға қатысқан барлық ұстаздарға алғыс білдіреміз. Әрдайым шығармашылық байланыста болайық!

Акция-3 басталу уақыты 15 ақпан 2016 жыл.

Акция-3 қатысуға талаптанушылар алдыңғы өткен акция шарттары туралы мақалаларды оқып таныс болыңыздар. Акция-3 шарттары 14.02.2016 жылы жарияланады.

  1.  Акция-1 қорытындысы
  2. Редактордың қорытынды мақаласы
  3. Акция № 2 туралы
  4. Акция-2 бескүндігі

Оставьте комментарий

Filed under АКЦИЯ-2

Түркістан әкімшілігіне қарасты қалалық білім бө лімі


Түркістан қаласы, №9 Некрасов мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Өскенбаева Гулжан Центрханқызы

Елбасымыз «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында білім беру саласына да ерекше мән беріп отырғандықтан мен ерекше шабыттанып өзіміздің Қалалық Білім Бөліміміз жайлы бір сыр айтқым келіп отыр. Қазіргі таңда Түркістан әкімшілігіне қарасты қалалық білім бөлімін Елімізге белгілі айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков басқарып отыр. Осы танымал тұлға алғаш білім бөліміміздің басшысы болып тағайындалғанда қатты қуандым. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under АКЦИЯ-2

Бейнеу аудандық білім бөлімі туралы


Қазіргі таңда білім беруді жаңа үдеріспен жетілдіруде Бейнеу аудандық білім бөлімінің еңбегі ересен зор екенін айтпай кетуге болмас. Бейнеу аудандық білім бөлімі аудан мектептерінің біліммен тәрбие жолына арнаған барлық жұмыс саласының сан тарау жолдарына бақылау жасап, дер кезінде әдістемелік көмек көрсетуде. Білім бөлімі ұйымдастырған түрлі шаралар, интелектуальдық сайыстар нәтижелері бүгін міне облыс көлемінде өз нәтижелерін көрсетуде. Аудандық білім бөлімінің басшысы О.Наурызбаевтың көшбасшылық қабілеті,білім саласындағы ұйымдастырушылық істері,басшылық талапшылдығы оң нәтижелерін көрсетуде..

Оставьте комментарий

Filed under АКЦИЯ-2

Игенбаева Динара эссе


Игенбаева Динара Маратовна
Сайрам ауданы №83 А.Байтұрсынов атындағы жалпы
орта мектебінің тарих,құқық пәндерінің мұғалімі

«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет». Ш.Уәлиханов.
Аллаға шүкір, ата-бабаларымыз сан ғасырлардан бері аңсаған тәуелсіздігіміздің ақ таңы атып, Қазақстан әлемде өзіндік сара жолы бар мемлекетке айналды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев білімді ұрпақ тәрбиелеу, мемлекетімізді биік шыңдардан көрсету, дамыған 50 елдің қатарына қосылу мақсатында ұлы қадам бастады.Болашақ ұрпақ білімді болсын десек, сол ұрпаққа өмірде адаспай өз орындарын табуға бағыттайтын ұлағатты ұстаздардың біліктілігін арттырудан бастағанымыз өте орынды деп білемін. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under АКЦИЯ-2

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ ТУРАЛЫ


Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебінің мұғалімі: Казиева С.О

Атырау облысы білім беру саласында облыстық білім беру басқармасы, 8 білім беру бөлімі, оның ішінде — 1 қалалық, 7 аудандық.
Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы – Сайлауова Нұрсәуле Сайлауқызы
Атырау облысы Білім беру басқармасының орналасқан жерi: 060010, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, тел.: 35-49-65
Электрондық мекен-жайы: uoatyrau@mail.ru Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under АКЦИЯ-2

«Үлгілі басшы»


«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің информатика
пәні оқытушысы Халилаева Ақерке Абдуллақызы

Ұстаз — жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққатәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Қазіргі қоғамда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаз деп аталады. Дегенмен, ұстаз ұғымы арнаулы білім, қажетті құжатқа байланысты емес. Үлгілі, өнегелі, өмір тәжірибесі бай адам ғана ұстаз бола алады.Небір данышпан да, қарапайым еңбек адамы да осы ұстаз алдынан өтеді. Ал, ұстаз болу кез-келген адамның қолынан келе бермейтін іс. Сондықтан, осы құрметті атаққа кір келтірмей, бар саналы ғұмырын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге аямай жұмсаған ұлағатты ұстаздар арамызда аз емес. Біздің басшымыз да еңбек жолын ұстаздықтан бастаған. Басқарушылық, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Барлық мәселеге жауаптылықпен қарайтын жан. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under АКЦИЯ-2

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе»


«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің
информатика пәні оқытушысы Халилаева Ақерке Абдуллақызы

Ей, тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танисың ба, сен, мені,
Мен – қазақтың баласы!  Қасым Аманжолов

Қазақ халқы бала тәрбиесіне баса назар аударған. Ұлтымыз қашан да баласының рухани жағынан бай болуына көп көңіл бөлген. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның ойлы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл-ойының жетілуіне баса назар аударғандығы белгілі. Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген нақыл бар. Кішкентай бала бойында адалдық, әділдік, мейірімділік, адамгершілік сияқты бар ізгі қасиеттерді сіңіруде халықтық педагогиканың маңызы зор. Үнемі әдептілік тәрбиесін беру арқылу баланы жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулуды да кішкене кезінен бастаған дұрыс. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under АКЦИЯ-2

Үлгілі мектеп басшысы


Игенбаева Динара Маратовна
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарасу ауылы
№83 А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің
тарих,құқық пәндерінің мұғалімі 1 (ілгері) деңгейлі мұғалім

Мен жұмыс істейтін Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарасу ауылы №83 А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің басшысы Кашкинова Ақерке Құттыбекқызы шәкірттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруде аянбай еңбектеніп, заман сұранысына сай біліктілігімен ерекшеленген алғыр ұстаз басшылардың бірі ретінде мектеп ұжымы,оқушылар мен ата-аналардың ілтипатына бөленіп жүрген жаңашыл ұстаз. Ақерке ханым біздің мектепте 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап басқарып келеді. Мамандығы тарих пәнінің мұғалімі. Басшы ретінде мектебіміздің білім, тәрбие саласының қалыпты дамуын басқарып, өз парасатының тереңдігімен терең талап қоя отырып, шығармашылықпен шыңдалуға бет алған ұстаздардардың әлеуеттерінің артуына күш салуда. Ақерке апай жаңалыққа жаны құмар башы ретінде жиналыстарда «Мұғалімдердің бірсарынды сабақ өтуінің салдарынан оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтарының төмендеп кеткендігін, оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін қолдану арқылы мұғалімдердің кәсіби дамуына алғышарттар жасай отырып, сапалы оқытуға қол жеткізілсе» деп өз ойын ашық айтып ескертіп отырады. Ұжымды мектептің даму жоспарымен таныстырып, оқу үрдісіндегі өзекті мәселелер бойынша өзгерістер енгізуге бағыттау барысында өзінің қолдауын көрсете отырып, көптеген жетістіктерге жетуде. Ақерке Құттыбекқызына алдағы жұмыстарына тек сәттілік пен биік белестерді бағындыра беріңіз дегім келеді.

 

Оставьте комментарий

Filed under АКЦИЯ-2

Іскер басшы


Бастауыш сынып мұғалімі : Молдағалиева Айнагүл Оңғарбайқызы

Бастауыш-білім бастауы. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.Тәрбиенің сан-салалы, күрделі мәселелерді терең ойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жаын-дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы –бастауыш.Бастауыш саты білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады.Келешекте жалпы білім алумен кез-келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы бастауыштан қаланбақ. Біз бастауыш бірлестігінде 19 мұғалім жұмыс жасаймыз. Оқу ісінің меңгерушісі Нұртілесова Назгүл. Ол өте қарапайым, жаны жұмсақ жан. Ұжымның бірлігі мен жұмыс жасауына көп көңіл бөледі. Жайдары мінезімен, ұстамды сөздерімен ұстаздардың тілін таба алады. Үлкенге, кішіге де өзі жол бастап, семинар, концерттер өткізіп, ұжымдастар көңілінен шығады. Өзі қазақ тілімен әдебиет пәнінің мұғалімі болса да, бастауыштың қыр – сырын меңгерген жас мамандардың сабаққа дайындығын шараларға қатысуын өте қырағылықпен қарап отырады. «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады»деп ұлы Абай айтқандай ұжымда татумыз. Назгүлдің ұйымдастыруымен көп шаралар, игі істер атқарылуда. Ол сонымен қатар жоғары сыныптыңда методикасын меңгерген. Жоғары сыныптарға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс береді. Екі мектептің ортасында тынымсыз еңбек етуде. Ол осы ауыр кәсіпті таңдағанына еш уақытта қабақ шытпайды. Осындай тынымсыз етіп жүрген жанға мектеп ұжымымы дән риза. Күніне бірнеше шәкірттің бойына білім нәрін құямыз, өзара сабақтарға қатысып пікір алысамыз. Ақпараттық құралдармен жаңа технологиямен қаруланған заманда баланың білім алуына жол сілтейміз.

 

Оставьте комментарий

Filed under АКЦИЯ-2

Әке…


Санжар ҒҰЛАМОВ, Түркістан қаласы,
Ататүрік атындағы №17мектеп-гимназияның
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Әке… Бұл сөздің мен үшін қаншалықты қымбат екенін білсеңіз ғой! Өмір – ұстаз! Жас та болсам өмірде бір кісіге жетерлік тағдыр тауқыметін тартқан адаммын. Өзім енді ғана 27 жасты еңсерген қыршындай жігіт болсам да, өмірге деген көзқарасыммен түсінігім әлдеқайда ерте жетілген. Мұның барлығы өлең-жырларымда өз көрінісін айқын тапқан. Өзім қарапайым жұмысшы отбасынан шықтым. Әкем кезінде колхозда сушы болып жұмыс істеген, анам әлі күнге дейін ауылда мектепте кіші қызметкер. Жанұяда 7 баламыз, 5ұл, 2 қыз. Өзім бала кезімнен тума жүрек ауруымен ауырдым. Ата-анама аздап масыл болған баламын. Читать далее

Оставьте комментарий

Filed under АКЦИЯ-2